Тұрақтылық кілті неде? Іш пысқанда өз-өзіңе дәлелдеме.
Қарап тұрсаңыз біздер бәріміз тұрақсыздаумыз иә.
Жәй соны талқылап көрейікші.
Тұрақсыз адамдар қайдан шығады. Тұрақсыздықтың түрлері: ғашығына тұрақсыздық, жұмысқа, еліне, хоббиіне, жұбайына, автокөлігіне және т.с.с.
Ғашығына тұрақсыздық- күніне соған ғана «сені сүйем деп» алып осы сөзді тағы да басқа min 2-3 адамға max 5-6 адамға айту немесе басқа әдемі кісілерді көргенде сол сәтте сол кісіні ұнату…
Жұмысқа тұрақсыздық- көбіне өзіне жұмысы ұнамаудан басталады. Бір жерде тұрақтап ары кетсе 2-3 айға ғана қонақтап отыра алады. Бірақ өте қауіпті қазір.
Еліне тұрақсыздық- тұрақсыздықтың ең жаманы.
Хоббиіңе не өзінің сүйікті ісіңе- көбіне бұл рухани күйреуден және уақыт өте келе адамның сана-сезімінің толығысуынан өзгеріске ұшырайд, бірақ жиі байқалмайтын құбылыс.
Жұбайыңа- негізі адамдар ойлайды бұған әйел адамдар қатты қобалжиды деп. Жоқ, егер ер адамның әйелі тұрақсыздау боп келсе ер адам қатты күйзеліске түседі. Дегенменде, әйел адам қанша дегенмен жанұяға келгенде тұрақтырақ келеді екен (тағы да әйел байғұс).
Автокөлік (қазақшасы қателеспесем) теміратқа- бұл көбіне қызыққұмар кісілердің әумесерлігі.
Қарап тұрсаңыз барлық тұрақсыздық көрсеқызарлықтан туады екен. Тууу қою керек қой осы көрсеқызарлықты.
Loading...
менің баяғыда осыған қатысты шығарған қанатты сөзім де бар еді
“көпшілік істей алады, мәселе соны тұрақты істеуде”
maqpal - Қыркүйек 10, 2009 at 2:09 тк
Мен әрнәрсеге тұрақты адаммын. Бәлкім кез-келген затқа бей-жай қарай алмайтындықтан шығар… Бірақ бұдан керемет өмір сүрем деп айта алмаймын…))
akzere - Қыркүйек 11, 2009 at 7:18 тд
дүние – жалған…
жігіттер, жалған дүние-ай бізден қалаар…
кейде құдайдың өзі “жезөкше” тәрізді: түні бойы сенімен болып, таңертең алғашқы кездескен жанға ауысып кете барады…
тұрақсыздық емей немене?!
mаkе - Қыркүйек 11, 2009 at 11:29 тд
Меніңше тұрақсыздықтың ең жаманы – тұрақтылардың тұрақсыздығы. Мысалы, Pi=3,14… емес, , 6-ға тең болып кетсек, мал болып кетер едік, нақтың.
satibaldi - Қыркүйек 14, 2009 at 7:05 тд
мен жумыска турактымын,менімен бірге жумыс істегендердін кобі казір баска жерлерде жумыс істеп жур..
Маган “не істеп журсің,кетпейсін бе опыт жинап болдың гой”- дейді..
сонда да кете алмай журмін мумкін кимаймын,мумкін жылы орнымды суыткым келмейді ма,айтеуір бір шешімге келе алмай журмін..
Махаббат - Қыркүйек 19, 2009 at 7:47 тд
maqpal иә дұрыс айтасың істеу бәрінің қолынан келеді, бірақ соны сақтап қалу қолдан келе бермейді.
Мен кейбір нәрселерде өзгеріп тұрам.
akzere сіздей тұрақты болу қандай жақсы
mаkе иә сізден мұндай ой күтпеп едім, дегенім шындықтан қашып құтылмайсың…
satibaldi ондай тұрақты сандардың тұрақсыздығын ойламаппын, олар тұрақсыздау келеді-ау деген ойда келмепті маған…
Махаббат негізінен жұмысқа тұрақтылық жақсы ғой. Көбіне бір жерге үйреніп қаламыз ғой. Бірақ жаңаның аты қашанда жаңа ғой.(Тек жұмыс мағынасында ғана айтам)
Айкона - Қыркүйек 21, 2009 at 4:34 тд
тұрақтылық дегенде 24жасында екі ұлымен жесір қалған бір жан есіме оралады
ері бақилық болғалы биыл 30 жыл екен, бәрі де бүгінгідей көз алдымда
неткен өмір…
mаkе - Қыркүйек 25, 2009 at 8:59 тд