Айкона
Кім біледі, қу көңіл жоқты іздейді

Жәй ғана эстафета

Эстафетаны алыс жатқан ел Жапониядағы Көңілашардан қабыл алдым
Өмір туралы
- кейде жыным келіп кетеді, бірақ «тәуба» деп жүре берем.

Уақыт туралы
- жетпей жатады, тағы да аздап болса деуші едім, уақыт өтеді кетеді.
Отбасы туралы
-ең қымбат жандар

Достар туралы
-уақыт алыстатады…
Арман туралы
- көөөөөөөөөпппппппп қой. Тек қана ұмтылу керек.
Жұмыс пен хобби
-қазір тек жұмыс, жұмыс, жұмыс. Хоббиімнен аздап алыстап қалдым.
Ақша туралы
-су, болса тез арада жұмсап тастаймын. Негізі жинап үнемдеп жұмсай алмаймын.
Ұстаным туралы
-Ойлап жүріп қате кетіп қала беред :)
Ақылға сыймайтын әрекеттер
-Осыдан 1-2 жыл бұрын жиі жасап тұратын істерім еді. Қаз кішкене салмақтырақ болып қалған сияқтымын.
..Болашақ туралы
-Жақсылықтар күтіп тұр деп сенгім келеді!

9 Responses to “Жәй ғана эстафета”

  1. “Тәуба” деген дұрыс, ал арасында “жының келіп кететін” тұстарын бір сілкінтіп алуға арналған арнайы жаттығулар деп қабылдаған дұрыс шығар,содан мүдірмесең, жақсылықтар күтіп тұрғаны демек, Айкона :)

  2. қысқа – нұсқа…

    Айкона, сені, чето сағынып кетіппін… Қайдасың өзі?

  3. біздің геолог қыз анда-мында кезіп кеткен ғой КЗ-ды
    сонда Айкон жалпы қандай хоббиің бар еді?

  4. uakit turali dal ayttin: keyde rasinda ‘atten aptada 7-ak kun’ dep kalatin kezder boladi. keyde bolsa kerisinsinshe ‘tokta omir! zimiramay osi bir satti uzaginan surgim keledi’ deysin.

    dostar turali: uakit jane kashiktik.. oristardin ’s glaz doloy, iz serdtsa von’ tura aytilgan.

  5. Ақша жайлы менде де солай…. жинап жұмсау жоқ, қолыма қанша түссе, солай кете береді…. :( (((((((((

    З.Ы. шынымен жоқ болып кеттің ғой, аттасым-ау :) құрдасым-ау!

  6. … қазір тек жұмыс, жұмыс, жұмыс …

    менде де сол … :)

  7. Айкона, эстафетаны жалғастыру бар болған еді… :)

  8. Мен осында жүрмін ғой. Ешқайда кетпедім аздап қолым тимей жатыр. Кешірім өтінем. Салта менде сені қатты сағындым.:) Баян”тәуба”дан тайдырмасын деп тілейік .
    altygradus хоббиім менің онша емес. :) Тек әр елдің кітаптарын оқу. Мінездерін, салттарын салытыру.
    Ақзере басында бұл эстафетаны кім толтырғанын білмедім. :)
    Эстафетаны Сакенге (Ақұдайға) тапсырам! :)

  9. :D мен жүгіріп өттім ғой … өзімше :)
    шамалы демалып алып тағы жүгірсем ба екен?


Leave a Reply