Туылған күн туралы ой.
Біздің үйдегі кішкентайлардың туылған күн туралы ойлары:
Сұлтанәлі:
Ұйқыдан оянған Сұлтанәліні туылған күнімен құттықтап бетіннен сүйген мамасына:
-мм дастархан жоқ, қайсы туған күнім
Санчо: – апа, ақша жоқ болса, туылған күнде келмейді иа…
Асел: – әдемі көйлегімді кигізіңдер әйтпесе туылған күнім ренжіп қалады ғой
Солай бала күнімде туылған күнімді күн санап, сағат санап мамамның мазасын алып, не пісіресің не сыйлайсың деп асыға күтуші ем…
5- сыныпта туылған күніме қарсы папам ауырып қалды қатты, уайымдамын. Сонда ең бірінші рет алладан туылған күніме сыйлық сұрадым: папамды жаза көрші, папам туылған күніме жазылып келсінші деп. Ертесі сабақтан келгенімде папам үйде мені күтіп отырғанын көріп “аллаға” рахмет айтқам. Сонда папам дәй магнитафон сыйлаған. Мәзбін… Ең қымбат сыйлық еді оол кезде.
11- сыныпта оқып жүргенде, папам 16 толған туылған күнімді қиналып жүрсе де кластастарыма жасап берді. Жасамаңыз десемде, мектептегі соңғы қуанышың ғой деп қоймады.
20- жасқа толғанда, қыздармен кафеге бару мода боп кетіп еді
.
21 -жас есімде жоқ. 22- тоже есімде жоқ қалай тойлағаным, бірақ әкем өлең сыйлаған
Туған күні қызымның бүгін анық,
Баралмадым мен тағы гүлімді алып.
Құттықтасын мен үшін Алматыға,
Телефонмен сыңғырлап жырым барып…
23- жасымда Семейде болғам, аппақ әдемі торт алып келе жатып телефоным шырылдады, ала қойғаным сол еді тортып бауынан сырғып кетті де беті быт-шыт болып шапталып қалды…. ма*ма*ма*ма дееппп аңырайып қалдым, телефонның ар жағындағы ағам маған бірнәрсе боп қалды екен деп үйден маған қарай тәпішкемен, содан айқайлап жатыр ғо маған не болды деп, мен “тортым, тортым” десем ағам маған жетіп қалған ғой…
Блин, солай жылдар сырғып жатыр екен ғой….
Міне, енді 25 жас…. Не үлгердім осы 25 жыл ішінде?…
Өзімнің есебімде…
Мен биыл дәл жиырманың бесеуінде,
кім біледі ендігі қалған өмір,
неше күнге жетерін, неше түнге,
Ұмыт болып есебінде, өсегінде,
ажалым сәлде болса кешеуілде,
бітпеген берер менін есебімде,
белгілі болар барі, өмірден көшерімде….