Атым- Айкона, Айкон. Өзім тауып алған аттарым ғой. Папам кейде осылай атайтын. Кейін сайттарға кірер кездеесіме түсіп қойып алғаным ғой. Шын аты- жөнім: Айжан Құлмұханбетова Нұрланқызы. 1986 жылы қазанда Алматы облысы, Райымбек ауданы (бұрынғы Нарынқол) Шәлкөде деген ауылда дүниеге келгем. Өзі кішкентай ауыл болғанымен мен үшін үлкен әлем еді. Әлі де мен танып бітпеген әлем. 1992 жылы жасым толмасада мектепке папаммен бірге барып алыппын. /Папам мектеп мұғалімі/. Сол 2003 жылы мектепті бітіріп, Алматыдағы 10-этажды корпусы ұнаған Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-дың студенті болғам. Қазір оны да тауысып геолог болып жұмыс істеп жүрмін. Әлі семья құрып үлгермедім. Аздап ревoлюционермін деп қояйын. Ну, енді аздап қана. Кішкене әдебиетке жақындығымда бар, әкемнің ықпал етуімен. Енді қалай десем екен, махаббат туралы шығармаларды жақсы көрем. Иә, оны уақытында көре жатарсыздар. 🙂

Жеке почтам: Aikonanur@gmail.com, мен фейсбукта. 

Мен жайлы: 33 комментария

  1. Барлеринизге коп-коп рахмет.

    Еее, политехтында кундери отип кеткенине гана окинем. Амал канша уакыт жылжып барад…

  2. Айжан, блогың құтты болсын, жұрттан сұрап, әрең таптым ғой.
    Ең бірінші қызығушылығым: менің де геолог болғаным, сосын, өзім білетін блогтарға кіріп, қарап жүремін. Міне, саған да келіп қалдық.

  3. Gani04 келіп тұр. Қуана қарсы аламын. Геология жайлы ештеме жазып жатқаным жоқ. Болашақты болып қалар. 🙂

  4. Айкона блогын оте кызыкты екен. 1ш1ндег1 жазбаларында оте сатт1 шыгыпты. Мен КазНТУда жумыс жасаймын. Рахмет б1зд1н корпустарымызды мактаганына, тек корпустары гана унады ма, 5 жыл окыганда…

  5. Ғалымжан рахмет! Асыра мақтап жіберіпсіз. 🙂
    КазНТУ үлкен ұйым. Ол жерде не бар боласың не жоқ боласың. Одан арғы өміріңеде қатты өзгерістер әкелуі мүмкін не мүлдем өзіңді түсіріп жіберуі де мүмкін.
    Корпусы демекші, бірінші көргенде қатты әсер алғам. Бірақ көп нәрсе үйрендім ғой 🙂

  6. Айжан,блгің құтты болсын!тыңдалмаған сөз жетім дейді қазақ,сол үшін оқыйтын саналы оқырманың болсын!
    сезіммен махаббат туралы қалам тербесең онда жаның нәзік,қялың бай болғаны,өмірдің ойлы соқпағын өзіңшеөрнектеп көр,ойлылық содан келеді…

  7. Айкона керемет жазасың…..жан дүниеміз ұқсас екен…..бырақ мен саған қарағанда батылсыздаумын ау дейін….әлі күнге дейін блогм жоқ екен….

Ответить на кендебай Отменить ответ