Автобустағы әңгіме.


Бүгін Алексеевкадан Есіктің автобусына отырып қалаға келе жатыр едім артымда отырған екі ағаның дауыстары жарқын шықты. Үнсіз әңгімелерін тыңдап отырмын. Жаман ойлап қалмаңыздар мен әдейі тыңдады екен деп. Просто олар қатты сөйлеп отыр.

Айтқандарын тыңдап отырып шыныменде біз қазақтар сондай әлсізбіз бе деген ой келді. Айтуларынша қазақ жастары әлсіз, намыссыз, бос кеуде. Неге олай деген сұраққа, қараш бір­-бірімен орысша тілдесед, өздерінің тіліне шүйіре қарайд. Қай жерге қарасаңда фирма бастықтары басқа ұлт өкілдері, қаланың жақсы райондарына барсаң басқа ұлт өкілдері, қай жер жаман, жағдайы жоқ сол жерде байқұс қазақтар тұрад дейд. Шетелден жаман әдет келсе бірінші қазақ жастары қабылдап алад. Қазақ қыздары орыс қыздарынан ары темекі шегед, ішед одан қалса ауыздарынан ақ ит кіріп көк ит шығад.

Шыныменде жанымды жаралап кетті. Шындыққа тура қарай білу де керек шығар. Ішімнен намысым оянып, қорланыпта қалдым. Неге жастар кінәлі, неге деген ой келді. Көпке топырақ шашқандары көңілімді қалдырды.

Қапаланған күйімде ағалардың бет жүздерін бір көріп қалайыншы қандай кісілер екен деп қарап ем намыстанып отырған көңілімді ашу биледі. Екеуіде арақ ішіп алып шешен болып отырған ағаларымыз екен. Егерде сол ағаларымыз арақ ішіп алған кезде батыр болмай, сау кездерінде өздері айтқан мәселеге бастарын ауыртып, күштерін жұмсаса біздің заман өзгерек, жастарымыз намыстылау болып келер ме еді. Жастарымыз қарап өсетін үлкендеріміз жақсы болса жастар ешқайда бұрылмас еді ғой. Әрине барлығы емес. Дегенменде жастарды кінәлай бермей өзіміз оларға қандай үлгі беретінімізді де ойлансақ екен.

Реклама

Автобустағы әңгіме.: 7 комментариев

  1. Қай жерге қарасаңда фирма бастықтары басқа ұлт өкілдері, қаланың жақсы райондарына барсаң басқа ұлт өкілдері, қай жер жаман, жағдайы жоқ сол жерде байқұс қазақтар тұрад дейд

    осының рас екенін мойындаймын, бірақ кім қолымызды ұстап тұр?

  2. Блм арақ ішкен адамдарды ұнатпаймын. Бірде жолда келе жатсам үлкен плакат қыстырылып тұр екен. Кішкентай балақан:» әке ішпеш!» деп жылап тұр. Әлгі плакатты оқып тұрып жылап жібергенміді байқамаппын…

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s