Әке туылған күніңмен!!!


Өмірде ата-анамыздан артық жақын, жанымызды түсінетін адам бар ма?
Мен үшін әкем әрқашан бірінші орында. Әкеммен өткен әрбір сәтімді қуана өткізем.
Әке! Туылған күніңмен! Әке сен болмасаң мен осындай ерке, өмірдегі ең бақытты қыздардың бірі болар ма едім. Әке егер сен болмасаң мен осындай уайымсыз, шалдуар болып жүрер ме едім. Әкетай сен болмасаң мен осындай жаны таза, ақкөңіл болар ма едім. Өзің қалағандай адам болар ма едім. Әке саған мың алғыс мені осынша еркелеткен, мені осынша көркем еткен, мені осынша қуанышты еткен. Әке қызда болсам жаныңның бір бөлігін бөліп бердің ғой маған. Қиналған сәттерімде сізбен бөлістім, қуанған сәттерімде де сізді іздедім. Азда болса биік шықсамда сіз қуанса екен дедім. Сізде қиналған сәтіңізде менімен бөлістіңіз, қуанған сәтіңізде маған бірінші айттыңыз. Қызда болсамда тіреуіңіз болғаныма қуанамын. Мақтан етемін. Азда болса анам екеуіңізге қуаныш сыйласам дедім. Көп биіктерден көрініп, қолым бір нәрсеге жетіп жатса оның бәрі сенің арқаң әкетай.
Әке туылған күніңмен! Біздің қасымызда әрқашан күлімдеп, аңқылдап жүре берші. Қанша ашулансамда, қанша қажысамда сіздің «бәрі оңалад, уайымдама, сенің қолыңнан бәрі келед, бәрін істей аласың» деген сөздеріңіз маған әрқашанда қайрат берді, береді де. Әкетай әрқашанда маңдайымнан сыйпап жүре берші. Анам екеуің тең қартайып, немерелеріңнің қызықтарын көріп жүре беріңдерші. Әке кімге болса да аянбай көмек көрсететін қасиетіңе таң қаламын. Сол қасиетіңнен ешқашан таймашы.
Әкетай әрбір сәтімді бақытты еткеніңе көп-көп рахмет. Әкетай денсаулығың мықты, әрқашан жайсан көңілмен жүре берші. Әкетай мен сені жанымнан артық жақсы көрем. Анам екеуіңіз менің ең асылымсыздар.

Реклама

Әке туылған күніңмен!!!: 11 комментариев

  1. өткен туған күнімен!
    сен бақытысың жаным осындай ардақ тұтқан әкең бар, осы бақытыңнан айрмасын ешқанаш!

    ПС: әкеге тартқан қыз бақытты болады деуші еді Айконтайым, папаңнан аумайды екенсің 🙂

  2. Ой мен мына жазуды көріп тұрғаным жаңа. Айкона, әкеңнің өткен туған күнімен құттықтаймын! Әкеңді шексіз сүйетінің көріп тұр. Керемет жазылған. Лайым әкеңнің де, бәрінің де сүйіктісі болып жүре бер.

  3. Әкеңізге тартқан екенсіз. Жооқ, темекі шекпейсіз, бірақ әлпетіңіз құйып қойған әкеңіз 😉

    Әкеңіз жылдан жылға жаңа белес пен жастарға шығуына тілектеспін!

  4. Өмірде ата-анаңнан қымбат ешкім жоқ. Әрбір жан олардың қадірі білсе екен деймін, әйтпесе баласынан жақсылық көре алмай,тентіреп кеткен ата-аналар қаншама! Ата-анаңыз аман болсын.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s