Мұқаңды аңсағанда өзімен сырласу…


image200php
Жолда келе жатып Мұқаңның туылған күніне арналған кеш өтетіне байланысты хабарды көрдім. 9-ақпан 1931жыл. Адамзат үшін қасиетті күндердің бірі. Иә, тағы да сенің мұңыңды жырлауға, кереметіңді жеткізуге ақиық ақын сәбиің өмірге келді: Ей, адамзат сен мені естимісің, алынбаған ақым бар сенде менің!», деп келіп жасындай жарқылдап.
Бала күнімдегідей әкем маған тағы да бір кітап сыйға тартты. Қатты қуандым. Себебі бала күнімнен сүйіп оқитын ақыным Мұқағали Мақатаевтың «Жүрек арызы» еді. Ішіне үңілдім асығыс. Білем әкем әрқашан ішіне қолтаңба қалдыратынын. Қолтаңбада: Жүрек арызы -өлең, өлең- өмір ағыны. Өмір- өзен оңашада ойға батқанда, жаның жүрек жылуын іздегенде Мұқаңды оқырсың.
Ойларым Мұқаңның өлеңдерімен бірге арпалысып-бірігіп өмір сүріп жатыр. Мендегі сұрақтардың жауабын өзіңізден таба білдім. Қайда барсам да, ғашық болып алып ұшсамда, жанымды тербебетер жалғыз қалған сәттерім болса да өзіңді оқыдым. Тағы да өзің айтқан сөздеріңмен жеткізе алам ба ойымды:
Өлең менің сырласымдай,
Сырлассам да құмарым жүр басылмай,
Айтып өткен ақында арман бар ма?
Жүрегінің түбіне кір жасырмай…
Арманым бар ма өзіңдей тауға қарап өскен жанда, таудың таза самалымен жазда да басында жататын аппақ қарға ғашық болған адамда? Аппақ қардай ақ көңіл, таудай биік маңғаздық. Өзіңнің ғана бойыңнан табылды ма?
Тау ұлымын,
Тау менің дәу бесігім,
Мен оның әуресімін,
Сәулесімін.
Асқар шыңдар желпиді бесігімді,
Бір орамын ағытып сәлдесінің!
Не дейін жүрегімді тербетер сезімде де өзіңнен пана таптым. Қиналған кездерімде де сенің өлең атты теңізіңді жағаладым. Ойларымды өзіңнің өлеңіңмен өрнектедім, қиындықтарымды сөздеріңмен жеңілдеттім. Маған, әкеме, атама көп сен еңбек еттің. Өзімізді, өзгені түсінуге өлеңдеріңді желкен еттің. Атамның жақсы досы болғаныңды білетінмін, әкемнің сені көргені үшін мақтанышын естігенмін. Сондықтан да менің де сіз көрген, сіз ғашық болған жерлерде тұрғанымды мақтана әңгіме еттім. Қандай сәт болмасада өлеңдеріңді өзіме жалау еттім.
Қанша ұрпақ келсе де бәрі саған соқпай өтпейді. Өлеңдерің әрқашан әр қазақпен бірге мәңгі жасай береді. Өлеңін өмірлердің жалғауы…

Реклама

Мұқаңды аңсағанда өзімен сырласу…: 2 комментария

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s