Қайырымсыз тағдырлар…


Адамдар қаншалықты қатыгез бола алады десеңші… Мен күнделікті көретін кісілер өмірінен…
Таңертең магазинге кірсем бір кәрі апа дүкеншіден қарызға сүтпен арақ сұрап тұр. Дүкенші аузына келгенін айтып жатыр. Сол апаның семьясын былай сырттай білемін. Баласы, келіні немерелері бәрі жақсы жерлерде жұмыс жасайды. Апа үйінде кіре беріс жаман бөлмеде тұрады. Балаларымен бірге тамақ та ішкізбейді, өз күнін өзі көріп жүр. Пенсиясында келіні алады. Апа өзі қолынан бір нәрселер тігіп соларды сатып күн көреді. Бірақ 75 тен асып кеткен апа көп зат тігіп, оны базарға алып шыға да алмайды ғой. Қашан көрсең есігінің алдын сыпырып жүреді. Қашан көрсең көзін төмен салып- ап өз-өзімен сөйлеп жүреді. Соншалықты қартайған кезіндегі тағдырына, қайырымсыз балаларына налитын шығар. Баласы мен келіні күшті автолар мініп кетіп бара жатқан үнсіз көзінің жасын төгіп қарап тұрады. Сөйтіп тұрған кезде баласы назарында аудармай кете береді. Арақ ішіп ішіндегі дертін басатын шығар, бірақ күйік қаншама қинайды десеңші. …
Саяхаттың қасынан өтіп бара жатып ылғи бала ұстаған әйелді және арбаға таңылған жас жігітті көрем. Үстері кір-кір. Баласы сондай сүп-сүйкімді. Әлгі әйелдің баласына елдер тамақ ұстатып кетіп жатады. Осындай өмір сүріп бастаған баланың болашағы қандай болмақ… Арбаға таңылған жас жігіт өздігінен орнынан тұрып жүре алмайды….
Қазір көшеден қайыр тілеген үлкен апалар мен аталар көбейіп кетті. Әлгі апаларға қарап: құдай, аналарымызды, әкелерімізді осындай қалге түсіруден сақтасын;- дейм. Бірақ, ол кісілерге кім көмектеседі? Балалары неге осы жайды ойланбайды екен? Мүмкін оларды да кінәлауға болмайтын шығар.
Көшенің әр бөлігінде қайыр тілеген адамдар… Заман қалай боп барады? Қайырымсыз қалған тағдырларға кім көмек етеді?…..

Реклама

Қайырымсыз тағдырлар…: 3 комментария

  1. Алла аясын дегеннен басқа не келеді қолдан? Қайырымсыз, немқұрайлылық азғындырған заманды кінәлі дейміз тағы да. Өкінішті әрине(((

  2. Өте аянышты. Анасын сыйламаған ұл мен келіннің балалары кейін оларды калай багып кагады екен, сол сұрақ қызықтырады?

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s