Қасқырлардың әділ соты…



Қасқырлардың әділ соты. «Провосудие волков»- киносын өзімше осылай аударып қойдым. 🙂

Кеше Қазақстан кинотетрларында Қазақстан мен Ресей режиссерлары мен актерларының бірігіп түсірген «Провосудие волков» киносының прьмерасы болды.

Кино негізі Владимира Куниннің «Мика және Альфред» романы бойынша түсірілген. Киноның негізі адамның ерекше бір қасиетке ие болсам деген арманы салдарынан туған идея болса керек. Фантастикалық жанрда түсірілген. Атына қарап басқаша ойға келуге болады. Бірақ, олар әлемнің жаман адамдарын өзінше жазалау, өзінше өлтіру мәнерін енгізбек болады. Жаман адамдарды өлтіріп, орман санитарларына айналған қасқырлардың жазалауы. Олар өздерін ақтап алу үшін де өздеріне «қасқырлар» деген ат береді. Кино бір адамның өмірін суреттейді. Ұлы отан соғысыннан бастау алып қазіргі уақыт аралығын қамтиды. Сол кездегі жасөспірімдердің күн көрісі. Ұрлық, төбелес, төсек, адамдарды қинау, түрмедегі қатал тәртіп бәрін осы жерден көруге болады. Көзімен адам өлтіру бұл ерекше дүние шығар. Адамдар өмір бойы армандаған армандарының бірі. Адам арманына жету үшін неге де болса дайын, бірақ соның бәріне қол жеткізгенде сол нәрсенің соншалықты қадірі болмағанын кеш түсіну және сол қуанышыңды бөлісетін жақындарыңның сол сәтке жетпегеніне деген өкінішті түсіндіргісі келетіндей.

Негізі кинода орысша менталитет басым. Қазақи бейнені көре алмадым. Тек Н.Орынбасарова ойнаған апаның ролінен ғана тазалықты көрдім. Қазақ актерларын да басты рольдерден көре алмадым.

Негізі кино тақырыбы кең болғанымен, қысқартылып түсірілген. Кейбір сәттерін түсінбей қалушылық тудырады.

Киноны көруге болады, ойларыңызды дамыту үшін. Адам қанымен жеткен арманның дәмі соншалықты керемет емес екенін түсіну үшін…

P.S. киноға билет сыйлағандары үшін ОН.Кз қа көп рахмет. 🙂

Реклама

Қасқырлардың әділ соты…: 4 комментария

  1. Аударғаның өте дұрыс. Өткенде осы фильм туралы ақпарат бергенде мен де солай аударгғанмын. Өкінішке орай фильмді көре алмадым. Аты жақсы, сол үшін-ақ көрсем бе деп едім.

  2. Erbol көріңіз. Әр адам әртүрлі қабылдайды ғой.
    Мұқтар жоқ дер едім. Себебін өзіңізде білесіз ғо. Оскар алып жатқан киноларға бергісіз сериалдарда болады. Сондықтанда ол сериалмен салыстырмас ем….

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s