Көтерген шаңырақтарың биік болсын!



Мен үшін жақсы дос бола білген, ренжісем де (түсінбегендіктерімді кешірген) мені әрқашан қолдай білгем достарымды құттықтағым келеді. Есбол маған дос қана емес ағам сияқты да боп кетті.
Менің досымды сіздердің біраздарыңыз білетін шығарсыздар. 🙂 Негізі жұбайында білесіздер. Олар казах ру сайтынының белгілі майталмандары десем де болады. Еске мен Айнур АЛБ ны танитындар біраз шығар арамызда.
20- күні тойлары болып өткен достарыма тілекті тойға барып айта алмадым. Әкем жол алшақтығына байланысты жібермеді. Дегенмен өкпелемейді деген үміттемін.

Есбол+ Айнур, сендерді заңды некелеріңмен құттықтаймын! Көтерген шаңырақтарың биік болсын! Әрқашанда сол шаңырақтарыңның іші қуанышқа, бақытқа, жақсылыққа, сәбиге толы болсын! Тек қана бақытты болыңдаршы! Мен екеуіңнің бақытты болатындарыңа сенем, себебі екеуің де бір-біріңді сүйесіңдер. Армандаған арман әрқашанда ол — бақыт. Сондықтан да сол бақыт екеуіңнің қолдарыңа қонды, енді оны одан ары аялап ұстайды деген сенімдемін. Махаббаттарың одан ары қатты ыстық, сенімдерің одан ары берік бола берсін! Көңілдеріңе кірбің түспей әрқашан осындай мықты, қайратты, қуанышқа толы жүздеріңде көріп жүре берейін!
Есбол саған досытығың үшін көп рақмет! Әрқашан бақытты бол! Мені ұмытып кетпеңдер. Баяғыда армандаушы едік қой үшеуміз бірге тұрамыз деп 🙂 Айтпақшы енді маған жезде болдың ғо сен. Жақын арада барып, жезделеп ойнайм ғой. Әрқашан біздерді бақытты күндерде жүздестіргей аллам!!!

Реклама

Көтерген шаңырақтарың биік болсын!: 2 комментария

  1. Айкона,салем!
    Рахмет бауырым жылы лебіздеріңе! Әлі талай кездесеміз ғой,Алла жазса. Сағанда бақыт тіледім!

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s