Азиада немесе мен жанкүйермін!


Не десекте, жақсы айтсақ та жаман айтсақта Азиада ойындары елімізде басталып кетті.
Кеше ашылу салтанатын көріп біраз қуанып қалдық (ТД дан көрсекте). Ұйымдастыру, спецэфектілер, тарихқа көз жүгірту оны халыққа жеткізу, билері, шараның тек екі тілде өткені бәрі-бәрі ұнады. Меніңше ашылу ерекше болды. Бізде мұндай шаралар алғаш болып тұрған соң да кемшіліктер болғанда шығар. Бірақ, кемшіліктерге ғана қарамай жақсы жақтарынада қуана отырайықта.
Негізі ойым өзім көрген ойындар туралы жазайын дегенім ғой. Өмірімде ешқандай спорт ойындарын теледидардан көргенім болмаса алаңға барып көрмеппін. Биыл алаңға барып көріп, қолдау көрсетіп, жанкүйер болуға мүмкіндік туып отыр. Сол үшінде Азиадаға рақмет!
Сонымен, 28 нен бастап мен шайбалы хоккейден әйелдер құрамасының жанкүйеріне айналдым. 🙂


Жұмыстан соң бірден Балуан Шолақ спорт сарайына тартып отыратын боп алдым. Бұрын хоккейді кім көрген? Біреулер :»ой әйелдер әлсіз, онша болмайды» деген сияқты әңгімелер айтқан. Солардың бәріне сенбеңіздер. Меніңше «еще как ойын көрсетеді» дегім келді.
28 күні, Солтүстік Кореямен 3:0 есебімен қазақстандық қыздар алға шықты. Ойын өте тартысты өтті.

Кездесудің басталу сәті
Кездесудің басталу сәті

29 күні, Оңтүстік Кореямен 11:0 де есебімен біздікілер тағы да алға шықты. Негізгі осы күнгі ойын өте тартысты өтті. Жанкүйерлерде көп және өте активный болды бәрі. Баннерлер ғана емес ту, барабан алып келгендерде болды. (Бұл күнгі суреттерді кейін қоям, қаз үйде қап қойыпты).
Не болсада бүгінгі ойын өте тартысты болады дейді білгішбектер. Өйткені бүгін Жапон қыздарымен ойнайды біздің қыздар. Айтпақшы біздің құрамада 2 қазақ қызы бар: Раушанова Айжан Толегенова- қақпашы, Нургалиева Галия Санатовна деген.
Мынау енді жанкүйерлерді түсіргем аздап:

Жарыс біткенше "Қазақстан алға" деп айқалап отырып, тамағы бітіп қалыпты 🙂

 

Қыздарданда мықты жанкүйер шығады 🙂

 

Тек алға Қазақстан!

Сөйтіп менде хоккейдің жанкүйеріне айналдым 🙂 Алға Қазақстан!

Реклама

Азиада немесе мен жанкүйермін!: Один комментарий

  1. Азиаданың тұсауы осы хоккеймен ашылды ғой. Дүйім жұртты жерге қаратпай, озып шыққан қазақстандық спортшы қыздарымызға ТВ-дан көріп отырып, іштей рахмет айттық.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s