Садақа…


Кеше көңіл күйім күшті болды. Көктемге деген қуанышым қатты  болса керек.

Әншейінде өзімнің заттарыма өте сақ болатынмын. Бірақ кеше 73 маршрутқа отырғанда бар ойым басқа жақта болды білем. Сөйтіп сумкамнан портмонемді ұрлап кетіпті. Сол сәтте сумкамды тексермедім де. Бүгін таңертең ақша алайын десем портмонем жоқ. Әрине ішім өртеніп барады біраз ақша, документ, біраз заттар бер еді. Жарайды ақшаны қойшы «садақа» деп жатырмын. Ең бастысы ішінде бір кісінің хаты бар еді. Соны ойлап ішім күйіп барады…

Садақа демекші, өзім көшеде отырғандарға жиі садақа беріп жүрем. Мешіттің жан-жағында отырған кісілерге берем көбіне. Жарайды бұл жолы да садақа деп отырмын.

Маршруткаға түскенде сақ жүріңіздер!

Реклама

Садақа…: 8 комментариев

  1. Айтпа, қай жағыңнан келіп,қашан алып үлгеретінін білмейсің. Өз ісінің нағыз мамандары ғой…Сол ақшаның қызығын солар-ақ көре қойсыншы… Барахолкада бір рет ақша ұрлатқам.Өз басымның амандығына тәубе етіп қайттым ғой. Содан бері сауысқаннан сақ жүремін. Кейде адамдарға күдікті көзбен қарап тұрғанымды байқап қалғанымда өз қылығым өзіме күлкілі көрінеді. Бірақ, сақтанып жүрмесең, тағы болмайды…

  2. Сонымен кетсін. автобустарда абай болған жөн. Баяғыда кәртішкемдегі соңғы тиынымды алып, пәртменге салып алып аттуысқа міндім. кондуктор келіп жолақы сұрады. артқы қалтама сала салған өзіме де обал жоқ. Сызып кетіпті сол екі арада. Кондуктор түсінбейді, ақыры түсіріп жіберді. Көшедегілерден тиын сұрау ұят, жаяулап сол жерден 7-8 аялдама жерде жұмыс істейтін группаласыма барып содан жолақыға тиын-тебен алғаным есімде

  3. баяғыда 29-шы автобусқа мініп, қалтамды телефонды ұрлатқаным бар. базарға барып, куртка өлшеймін деп, сумкамды жоғалттым. ең бастысы құжат жоғалмаса болғаны, куәлігімді жасату үшін 4-5 ай жүргенім бар

  4. Садақа сұрағанға садақа бермей жатып ойланам. Кейбіреулері кәсіпқой «садақы тілегіштер». Кейбіреуі мұқтаж. Қайсісін қалай ажыратасың десең жауабы оңай күнде көзалдымызда ғой.

    Бір ретінде сол садаққа сұраңғандар түрақты орын үшін таласып төбелескенін куәгері болғам. Айтқанға қорқыныш. Бірінің қолы, аяғы жоқ терек астында батпақта төбелесіп жатыр. Жиған тиындары жан -жаққа шашылғаны ай.

    Көбісі интернаттан қашып кеткендер екен.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s