BlogCamp-тан соң…


Шынымен де тез өтіп кетті ғой…

Шынымды айтсам қатты шаршаппын. Екі күн аяғымды ала алмай жүрдім оған қоса волейбол ойнайм деп көгеріп қалған қолдарым бар дегендей :). Жазба жазуға мейрамға байланысты демалыстан қолым тимеді. Бүгін келе сала барлық блогтарды, керекинфоны сүзіп шықтым. Көзім то анда, то мында жүгіріп… Суреттер… суреттер… түсіріп ал, ой мына жерде әдемі түсіппін 🙂 ой мына жерде нашар боп қаппын :(, тух мына жерде былай отыру керек еді… Ох, эмоцияларды қойсаңшы әйтеуір…

Әсерім керемет болды. Біраз блогшылармен танысып-білісіп қалдым. Енді Зере сияқты бәрің жайлы 5 пікір жаза алам деп қояйыншы :).

Блогкэмтан көптеген нәрселер үйрендім, жаңа ұғымдарды түсіндім. Көптен мазалаған ойларға жауап таптым, негізі блогтағы жауапкершілікті жете түсінгендей болдым. Әркім өзі түсінгенше, білгенше, өзіне ұнағанша жазатынын түсіндім.

1- күнгі презентацияларға онша қатыса алмадым. Тіркеу бөлімінде тұрған жақсы ма деп қалдым? 🙂 Бірінші рет келген адаммен 1- ші болып танысып тұрдым :).

Сонымен, блогкэмптан ұққан ұғымдарым (өзім қатысқан презентацияларыма байланысты):

1. Блогоним. Блог атауларын зерттейтін ғылым. Қазақия блогы.

2. Айконадан бөлек серезный тақырыптық блог бастау керек па деген ой келді.

3. Нұр кзтен келіп қалған кісіге қазақшасы туралы біраз наз айтып тастадым.

4. Ең қатты ұнаған презентациялар қатарында Сатыбалды феномені болды. Сатыбалды ғашық жандардың қыздар ғана емес екенін ұқтым 🙂

5. Wew- комикс, ол не деуші едім? Ұнады, иделялар пайда болды.

6. Қолөнер. Салта қатты пікірлерім кетіп қалғанға ұқсайды 🙂 қабылдай аласың ғой иа 😉

7. Пікір жазу мәдениеті не пікірге байланысты көз қарасыңызды өзгертпеңіз

8. Моңғолия блоггерлері. Жанарбек ағаның  энергиясына таң қалдым. Түсіндірген кезде де сол кісілермен сол әлемде жүргендей күй кештім. Бәрінен де ұнағаны Лашкаға салем айту, қатты әсер етті. осы кездесуден кейін шет жақтаға ағайындарымызға ол кісілердің блогына деген ықылас арта түскендей.

9. Жаңа сайттар презентациясына қатыстым, бәрі де керек сайттар бола алады деп сенем!

Ойй былай жаза беретін болсам аяғына жетпейтін түрім бар :).

Қорыта келгенде, бәрі ұнады. Ең бастысы бейресми кездесулерде билеп, волейболда біраз созылып, мафияда психологияны зерттеп қайттық. Айтпақшы,  Әбіләкім менің тойымда тамада боласың-ау деймін 🙂

суретті қыздар жіберді. Әсіресе суреттер үшін  Әйгерім Бегімбетке рахмет!

 

BlogCamp-тан соң…: 5 комментариев

  1. Менің блогкэмптен түйгенім көп болды. Жалпы жақсы өтті. Екі минус болды:
    1. басталғанда гимн айтпадық
    2. аяқталғанда гимн айтпадық

Ответить на vkototy Отменить ответ