Жаңбыр алдындағы беймазалық…


Жаңбыр алдындағы беймазалықты ұнатам….

Бір кісіден :
Ойыңды жалғайын:  Жаңбыр алдындағы беймазалықты ұнатам, тып-тынық, бұлттар қойюлана түсіп аспаннан төмен түсіп жер бауырлайт. Қазір жел соғат, дауылға айналады біраз қалды… Аспанда ұшқан құстардан тазаланды… Табиғат бір мінезін қазір көрсетеді, түсінесің сол кезде бар екенін жаратушы күштің. Ауа суып кетті, тоңази бастадың. Кең  дем аласың…

:
бәрі құрысын ішімдегі бұлқыныстар шығады ғой шығады…. терең дем алып қуанам ғой… Жұпар иісті айтсаңызшы, жұпар иісті… Мұрнымды жарып, мұрнымды жарып дем алдыратын… кейбір мұңайған сәттерімді еске салады ғой… тығылып сол жаңбыр мен жанарымда жылағысы келер еді… жоқ-жоқ онсызда аспан жылап жатыр өтініш менде қосылып жыламай-ақ қояйыншы….
(18:39) :
Бар ма екен жер жүзінде жаңбыр тамшысы тамбаған? Бар. Бар ма онда жыламаған адам, жоқ. Жылап дүниеге келет адам. Жылаған сенің жүрегің тірі. Тіршілік иесі ғана жарата алат тірі жанды. Жыладым деп өкінбе. Өмір жалғасы бар. Еске түсір бар жаңбырдан басқа жел, тас, су, кок аспан…

(18:41) :
әдемілік ай, әдемілік… осы сәтті біреумен бөліскің келеді…. ешкім жоқ… бәрі асығып кетіп бара жатыр… сен ғана жол ортасында қол шатырың жоқ тұрсың… оны іздейсің ол жоқ…. себебі бұл күй тек сенің ғана күйің… сенің беймазалығың…. сенің әлемің….

су болған көлегіңнен жаңбыр ағады сауғалап төмен, жалғайсың көкті (аспанды) жер анамен. Сенің әлемің  бір тұтас табиғат анамен…. Көзіңді жұмсаң бір сәт, көзалдыңа елес келеді… Ақ көйлек киген ер адам жалаң аяқ жаңбыр астында атын жетектеп келеді…  Көзіңді ашсаң алдыңа әлгі ер адам қол шатырын жоғары көтеріп саған келе жатыр. Міне жылы алақан беліңе түсті, сен оның  көзіне қарадың. Қадамдарыңды бір басып жолдарыңды жалғастырдыңдар.
(18:55) :
Жүрек іздегенін тапты….

Табиғат ана көмектесіп жіберді….

 

Өмірде қиялдағыдай болса ғой …………….

Реклама

Жаңбыр алдындағы беймазалық…: 5 комментариев

  1. әдемі.
    Егер оқып отырған адам өзін бас кейіпкер ретінде көрсе, жазба супермегакласс болғаны. Мен жаңа ғана қолшатыр ұстап, жауынға ғашық боп тұрдым. Рахмет, жан!

  2. Мен де жауынды жақсы көрем. Әсіресе, қолшатырсыз,малмандай су болып жылы жауынның астында жүрген ұнайды…түххх,іштегі мұңды сарқып әкеткендей жеңілдеп қалам. Шын.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s