90- жылыңмен Жас Алаш!


Мәңгілік жастардың газеті Жас Алаш торқаулы 90- ның биігіне шықты.

Жұма күні досымның шақыруымен Жас Алаштың  90- жылдығына арналған кешке барып қайттым. Біраз үлкен кісілер, ақын-жазушылар, журналистер, әншілерді көріп қалдым. Бәрі де Жас Алашты құттықтап, өз естеліктерін айтып жатыр. Кеште заманға деген көз-қарас, өкініш, сын, қуанышта орын алды. 

Ең қуандырғанда, таңқалдырған жәйт Қажығұмар Шабданұлына халықтық Жас Алаш газеті арқылы сүйегін елге әкелу үшін жиған қыржысының көлемі болды. 1 млн 472500 теңге халық жинап берді. Ол кісі туралы  Мейіржанның блогыннан оқып ем.  Жас Алаштың басшылығымен,  Мұхтар Шаханов, Қабдеш Жұмаділов тағы да басқа кісілердің қолдауымен ол кісіге Ұлттық Рух, Халықтық сыйлығы берілді. Сонымен қатар,  біраз Жас Алаш журналистері Журналистер одағының атынан марапатталды.

Жас Алаштың қысқаша тарихы: Газет 1921 жылы 21 наурыздан бастап Ташкентте басылып шыға бастады. Ғани Мұратбваетың басшылығымен.  Газетте барлық ақын-жазушылардың туындалары алғашқы болып жарияланып тұрған. М.Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек» поэмасы алғаш рет осы газетте жарық көрді.

Жас Алаш туралы менің естелігім:  Бұрындары біздің үйдің тұрақты жазылып тұратын, ең көп оқылатын газеттерінің бір — Жас Алаш еді. Себебі, әкемнің ең сүйікті газеті болатын. Әкем 8 -сыныпта оқып жүргенінде әкесі жазып бергеннен бастап тұрақты оқырманы. Әкем ылғи жаңа шығармалармен танысатын бірден бір басылым деп отыратын.  Меніңде мектеп кезіндегі ең сүйікті баспам болған. Студент, Отбасы, Мыңнан бір мезет сияқты бөлімдерін жібермей оқып тұратынмын.

Қазіргі кезде халықтың мұң-мұқтажын жоқтап, саясаттың артық кеткен тұстарын баса айтып жүрген Жас Алашқа 90- жылдығында тек көп оқырман, қаламдарыңыз мұқалмасын деп тілеймін!

Реклама

90- жылыңмен Жас Алаш!: 3 комментария

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s