Эмоциялы күн немесе менің шындығым :)


Мүмкін жазбам ұйқаспауы мүмкін. Себебі соңғы осы екі күн эмоцияға толы болды. Тіпті ұйықтай алмай шықтым :).

Негізі өзім қатты эмоцияға берілем. Ну енді эмоцям қатты көрініп қалады. Қуансам да, қайғырсам да бірден білініп қалады.

Кеше. 1. Ішімде көптен айта алмаған, сұрай алмаған сұрақтарыма ашық жауап алдым. Сол жандарға ішімдегі жай-күйімді де айта алдым.   Түсінісе алдық, енді арамызда ешқандай құпиямыз жоқтай, сондай еркінбіз. Шыныменде, ашық айтылған ой жақсы ғой, ішіңде қинап ұстап жүрген нәрсеңді сыртқа шығару. Достықтың да басты үлкен мағынасы да осы емес пе?

2. Мүлдем қарама-қарсымыз деп ойлағам. Кеше онымен де еркін сөйлесе алдым, сондағы ұққаным екеуміз қатты ұқсайды екенбіз. Ол ойларын ашып айтпағаныменде мені сабырға шақырғаны ұнады. Прикиньте, ішімде бұрқ-сарқ болып жүретін мен оның қасында шынымен сабырлы болып қалдым. Мына салғандары кәдімгідей ойландырып тастады:

Түсінгенім…  кейбір адамдар қатты жақсы көрсе де сезімдерін қалай көрсету керегін білмейді.

Түсінгенім…  екі адам бір нәрсеге қарап екі түрлі нәрсе көруі мүмкін.

Түсінгенім… жақыныңды ренжітпеу мен көзқарасыңа берік болу арасындағы сызықты табу қиын.

Түсінгенім… ең жақын достарың да ренжітуі мүмкін. Оларды кешіре білу керек.

Түсінгенім… кейде біреуді кешіру жеткіліксіз. Өзіңді де кешіре білу керек.

Оған қарап түсінгенім оған қандай жағдайда болсын нейтрал күйде қалуым керек сияқты… Оны түсінбеуге тырыспауым керек сияқты, бірақ оның қасында өзімді еркін сезіну ұнады. Ешқандай ойым жоқ.

Бүгін. Бір інімді көрдім :). Ойлары, ұстанымы ұнады. Оны енде еркін, бір екеуміз күнде сөйлесіп жүрген жандаймыз. Негізі қазіргі жастар еркін ойлайды ғой.

Негізі дейм да, адамдармен араласқанда комплекске салынбау керек екен. Ең бірінші айтарым егер адамға өзің тартылмасаң,  сені ешкім тартпайды. ой түрім анау, ой менің жағдайым мынау деген сияқты қорқақ пікірлерді қою керек екен. Өз  басымнан өткен. Бұрындары комплексым мен толықпын дейтінмін.  Рас өте толық болдым. Бірақ,  биылдыққа жеңілдедім. Бастысы қадам жасаудан қорықпау. Болашаққа ашық көңіл күймен қарау. «Ой толықпын» деген желеумен талай кездесулерден бас тартатынмын, қандай достарым, таныстарым, жігіттер болсада. Қазір сол күндеріме өкінем, неге бармадым екен деп? Оказывается ол жерге сенің көркіңді көру үшін емес, сенімен араласу, танысу үшін келеді екен. Айжаннұр айтқандай сыртқы келбет сені алғашқы сәтте қабылдау үшін ғана керек екен.

Солай эмоциямен өмір сүре біліп, комплексе жол бермеу керек екен. Егер сен соны қаласаң онда «алға»! Саған тоқта деп айтуға ешкімнің қақысы жоқ, бірақ әрқашан өз орныңды біліп жүру керек. Ой бітті мен қалайды екем деп, артық кетіп қалмау керек.

Орыстар айтады ғой: «будь проще, и к тебе потянуться люди», — деп. Солай адамдармен араласқанда қарапайым болыңыздар және ешқандай қорқып, анау менен артық деп ойламаңыздар. себебі ешкім ИДЕАЛ емес.

Реклама

Эмоциялы күн немесе менің шындығым :): 2 комментария

  1. Cол ғо! Өте дұрыс. Мінезі келісіп тұрған қыз алтыннан да қымбат. Бірақ жігіттің жүрегін жаулаудың әдістері, приемдары бар. Жігітті зерттеп, соны шеберлікпен қолдана білсең қатып кетед. Барым осы деп отыра беруге болмайды. Надо двиигатьсы. Жыьырлау керек. Ойлау керек…))

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s