15- сәуір ғашықтар күні!


Бүгін 15- сәуір білесіздер. алдында осы күнді ҒАШЫҚТАР КҮНІ қылып белгілегенін.

Сонымен, өзіміздің қазақша ғашықтар күнімізді кереметтей ғып атап өтейікші. 14- ақпанның әсерінен құтылып, осы күнді өзімізге мейрам күні қылайық. Басында өз мейрамымыз жоқ деп едік, енді белгілі дата берілген соң 14- ақпанмен санасы уланғандардан да кереметтей қылып тойлайық та.

Сонымен бәрлеріңізді бүгінгі ғашықтар күнімен құттықтаймын!!!

Ғашықпын!
Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!?
О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!
Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?! — деп ақиық ақынымыз Мұқағали айтқандай шын ғашық болып, ғашықтарыңыздың амандығын тілеп, оның жанарының ішінен өзіңізді ғана көріп, сүйіктілеріңіздің сүйіктісі болып жүре беріңіздер!

Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы
Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады
Ғашық жыры-тіршіліктің көкейкесті өлеңі.
Ешбір геометриямен
Өлшенбейтін көлемі
Бұл сезімнің ұшан-теңіз адамзатқа берері
Ғашық болу келсе кімнің қолынан,
әлем соған сенеді
Құлай сүю- ерлікпен тең себебі! -деп Мұхтар ағамыз айтқандай адал ғашық болып ерліктерге жол бастай берейік.

Бүгінгі ғашықтар күніне орай «Жас қазақ үні» газеті махаббат мүшәйрасын жариялады.

Өлеңдер 2011 жылдың 15 мамырына дейін қабылданады.
Бас бәйге – жеңімпаздың жеке кітабын – махаббат жырларын «Тұран» баспасы шығарып береді. Өзге де үздік жырлар «Махаббат маусымы» жинағына кіргізіліп, «Жас қазақ үні» газеті мен «Жұлдыздар құпиясы» журналында жарияланады.

Өлеңдерді «Жас қазақ үні» газеті редакциясына, 050006, Алматы қаласы, Қалқаман-3, К.Сейітов көшесі,11 үйге, info@qazaquni.kz электронды адресіне жолдауға болады.

Толық ақпаратты мына жерден ала аласыздар.

Бүгін осы мүшайраның жеке сайты ашылды. Ұнаған өлеңдеріңізге дауыс бере аласыздар. Ақпарат көзі КЕРЕКИНФО сайты.

Сонымен бәрлеріңізге бақыт тілеймін!!!

Қырқып қой: осы мейрамға қазақша сипат беріп тойласақ қандай керемет болар еді иа. Мысалы: бұрынғыдай қыздар кесте тігіп сүйіктісіне сыйласа. Тағы да қандай қазақша сипат беруге болады? ойларыңызды ортаға салсаңыздар? Әйтеуір 14- ақпанның жұрнағы болмау үшін не істеуге болады?

Реклама

15- сәуір ғашықтар күні!: 6 комментариев

  1. Jan, keste tokyp bilmese we :DDD

    Kazakhwa nakywy bar bolu uwin mumkin sondai stilde awyk hat, osy kunnin belgisin jasau kerek wygar. Kozy men Bayan bar bizde, Jibek pen Tolegen bar degendei. 🙂 osylarmen bailanysty bolsa goi 🙂

    Be my Valentine degendei, Tolegenim menin kaidasyn dep aikailap jursen ia? :DDD
    songy kezi too much bop kettim…

  2. aizhannur ойың дұрыс 🙂 шынымен белгісін ойлап табу керек. Кесте тіге алмаса басқа жолып ойлап табуға болады ғой 🙂 тек 14- ақпандағыдай көшедегіден қаптатып валентинка алып, жұртқа сыйлағаннан гөрі осындай бір шара енгізген дұрыс қой.

  3. еріккен сарт енегін уқалайды. Қалған мейрамды жөндеп өткізіп алыңдар алдымен Наурызда арақ ішіп жүресіңдер Ғашықтар күні тұрмақ.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s