Қанды ішкен валидатор…


Қазір өздеріңіз көріп жүргендей Алматыда жаңа автобустар пайда болды. Әдемі көк түсті. Негізі осы автобустар ұнайды маған. Әдемі, жаңа, таза, тез жүреді, аялдамаларда ұзақ тұрмайды дегендей тағы ішінде жердің жаралуы туралы  деректі фильмдер  көрсетеді. Бірақ, мен үшін бір «но»-сы бар. Ол- валидатор.

 79, 29, 2- маршруттағы автобустарда адам өте көп болады. Кейде ілінгеніңе «рахмет» айтып тұрасың. Міне, осы әрең кіріп тұрғаныңда валидаторға жету «арман» ғой. Амалсыз ақшаңды беріп, билет әперіп жіберуін өтінесің. Кейде ақшаңда, билетіңде жоқ болып кетеді. Тағы да бір жәй, сол валидаторға «өліп» жетсең қағазы таусылып қалып және қағазы мыжылып қалсада билет бермей қояды. Жүргізушіге айтсаң қолыңа ақ қағазды ұстата салады.  Жарайды қойшы аздан соң түсем ғой деп тұрсаң «тексеруші» кіріп 400 теңге айыппұл салып, ақшаңызды қағып алады. Түсіндіріп көр.

Негізі деймін да, осы валидатордан мемлекетке не автобус иесіне пайда кондукторлардан ары зиян келетін шығар. Себебі елдер адам көптігін пайдаланып даже төлемей жүре беретіндер бар ғой. Бізге шет елдердегідей ұят қайдан болсын. Жүргізуші қайта-қайта айтқаныменде, құлақ асып жатқан ешкім жоқ.

Ең жаманы қағаз ақша алмайтыны жаман :). Жүргізушіге ақша майдалатпаңыз деген ескерту тура төбесінде жазылып тұр, қайтесің енді қайыршылар құсап елге жалынып тұрасың майдалап беріңізші деп.

Негізі,  сол валидатор құрғырды екі есіктің жанына қойса қайтер екен?

Менде кондукторларды ұнатпаймын.

Мынау 79 маршруткадағы кешегі жағдай (04.05.2011).  Билет басып шығармайды ана жерден билеттерді жыртып алдық.

Реклама

Қанды ішкен валидатор…: 10 комментариев

  1. Керісінше валидатор емес кондукторлар қанды ішіп қояды. Валидатор болса автобус жүргізушілері уақытымен жүреді.Өйткені автобус иелері мынша ақша тап деген план қоймайды. Ал валидаторсыз автобустарда автобус иесі, жүргізушісі, кондуктор ақша табуы керек. Сол үшін жарысып, аялдамада ұзақ тұрып, одан қалса айғайласып қаныңды ішеді.негзігі валидатор деген өте дұрыс нәрсе. Қалтаңа майда ақша алып жүруге үйрену керек.

  2. Batys elderine validator kala ishi avtobustarynyn barlygyna derlik ornatylgan. Negizi sol shet elderde adamdar tek aldyngy esikten kiredi de, zhurgizushinin kozinshe jol akysyn toleidi. Validator Konduktordy almastyrady; sol sebepten avtobusta konduktor bolmaidi. Tek anda sanda jol ortasynan kontrolerler kirip bilettin bar jogyn tekseruyi mumkin.

  3. артқы есіктен кіріп, алдыңғыдан шығу жаған қарастыру керек әрине басқа елдердегі сияқты.
    бірақ Алматының бір ерекшелігі миллионнан асқан қаладағы басты көлік автобус, сондықтан таңертең кешке, адам тым көп. Сондай уақытта, мысалға таңертеңгі 8 жарымнан 9 жарымға дейінгі уақытта екі есіктен де кіріп шығатындай етіп жасалса. Ал ол үшін екі валидатор да жұмыс істеу керек

  4. 6gradus aitkanyn oryndy-ak, jagdaidyn adam tygyz ornalaskan jerlerde bylai kiyindai tusetini kalipti narse. Sogan bailanysty batysta nege osylai jasamady degen surak tuady? Sebebi, bir avtobuska eki validator koyu ekonomikalyk turgydan tiimsiz. Ari keshkisin, validatordagy akshany jinaityn adam eki ese (ne odan da kop esiktin sanyna bailanysty) jumis isteuine tura keledi. Bunin sheshimi ayaldamaga kaz katarli ocheredke turu. Birinshi kelgen adam birinshi bop avtobuska kiredi degen siyakti.

  5. Екі автобустың арасы алшақ шығар. Егер тура 5 минут болса адам көп жиналмау керек сияқты. Бірақ оны қамтамасыз ететін автобус та аз.
    Кондукторлардан шаршап кеттім өз басым. Көбіне мәдениетсіз, тек пайданы ғана ойлап, әбден зығырданыңды шығарады.
    Проезднойлары барларды кейде алмай кетеді.

  6. Негізі менің айтпағым да сол, автобустардың арасын, адам көп болмау үшін, жиірек жүретін қылып қойса ғой және автобустарға кондиционер қойса күшті болып кетер еді. Содан соң валидаторды ортаға емес екі есіктің жанына қойса тиімді болар еді ғой.

  7. Валидатор қанды ішуін ішеді. Алдында бес жүз теңгені ұсата алмай тұрғанда, тексеруші жігіт кіріп «билет қайда да қайда» деп мені айналып зікір салып, оған мен «ау, жарқыным, төлейін десем төлей алмай тұрған жоқпын ба» деп ән айтып ит-сілікпем шыққан. «Кондукторға жоқ дейміз» деген жақсы-ақ әрине, бірақ, мынадай вариантты да жетістірмей тұрған жоқ па, Құдай тілеуіңді бергірлер…

  8. Автобустар арасын жиірек жасау үшін автобустар паркін үлкейту керек болады. Алматының көшелері өзі де тар, көліктің бәрін сиғыза алмай жатқанда, қосымша автобустар артық болар.

    Көп шет елде адамдар алдыңғы есіктен кіріп, артқы есіктен шығады. Жүргізуші көріп отыру үшін, валидатор жүргізушінің қасында болады. Валидатор дегенде біздікі сияқты билет беретін емес, ақшаны қабылдайтын автоматтар. Өзі есептеп, ақшаның артығын қайтарып беретін автоматтар. Кей елдерде билетті автобус аялдамасында тұратын «валидатор» / автоматтан сатып аласың, автобусқа кірерде билетіңді ғана көрсетесің жүргізушіге. Бұл жолаушалардың тез кіріп, тез шығуына көмектеседі.

    Жапонияда, Жанна айтқандай, елдер артқы есіктен кіріп, ақшаны түскен кезде жүргізушінің қасындағы автоматқа лақтырады. Жапонияның кей қаласында жол ақысы біздікіндей бекітілген баға емес, жол ұзақтығына қарай өзгеретіндіктен болса керек. Сосын сол автоматтардың «ақшаны майдалату» деген опциясы бар. Бізге сондай автоматтар керек сияқты, қағазы бітпейтін, ақшаны майдалап беретін..

    Жалпы бір нәрсені еңгізер алдында біздің чиновниктер шет елдерде қалай екен деп шолу жасап, керек болса өз мекеменің сарапшысын сол елге жіберіп, сосын ғана шешім қабылдаса жақсы болар еді. Әйтпесе жасағандрының бәрі ел үшін емес, елге қарсы сияқты болып тұрады әдетте.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s