Ағаш отырғыздық не Дендрарийге саяхат


Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын! Көктем басталысымен ауланы жасылдандыруға кірістік.

Менің қала сыртында тұратынымды білесіздер ғой. Біздің жақ жаңадан салынып жатқан соң ағаш жоқтың қасы. Содан папам екеуміз ағаш ектік үйдің жанына. Ағаш болғанда жеміс ағаштарын. Былтырғы жылы 7 ағаш отырғызған ек, биыл олар гүл жарды, алла бұйырса келесі жылдан бастам жеміс бере бастайды дейді әкем. Содан, биыл тағы да 5 ағаш әкеліп отырғыздық. Сомен біздің үйде 5 алма, 3 өрік, 3 алмұрт, 2 шие болды :).

Біз ағаштарды Дендрарийден алдық. Дендрарий- совет өкіметі кезінде  ағаш өсіруден  ірі орталық болған, бұл жерде көптеген жаңа ағаштардың будандары алынған. Қазір сол жердің халқы өздері өсіріп, сатады. Негізі бұл жерде барлық дерлік ағаштардың түрін табуға болады.

Дендрарий- Алматы-Нарынқол трассасынның бойында 50 км жерде орналасқан ауыл.

Мен аздап суретке түсіргем, астына көшеттердің бағасында жазып отырам. Сыртқы көрнісі ауылдың

Қайың көшеті, бағасы 4000-5000 теңге

жеміс ағаштарының көшетері. бағасы 150-300 теңге арасы.

жүзім ағашы, 200-250 теңге бір түбі.
клаубника, 1 түбі 40 теңгеден
Гүлдің ұрықтары, гладиоустың ұрығының 1 талы 50 теңге, ана дәу гүлдікі 100 теңге
Роза көшеттері. бағасы 100-150 теңге.

Ағаштармен қоса бақшада отырғыздық. Мынау ұрықтар және көшеттер:

Қызанақ (помидор), көшеті 10 штугы 200 теңге.
ұрықтар

Ұрықтардың түрі өте көп екен, қытайдан шыққандары жақсы дейді және алматылық деген түрлері бар. Алматлықтардың бағасы 40-50 теңге, қытайдыкы 100-200 арасында.

Өнімдеріңіз көбейе берсін 🙂

Реклама

Ағаш отырғыздық не Дендрарийге саяхат: 13 комментариев

  1. 6gradus, иа үйге көп нәрсе ектік (клубника, қызанақ, қияр, пияз, капуста т.с.с), аздап бой түзеген соң, суретімен қоса салып қоям 🙂

  2. не ғой, біздің де үйге жеміс ағаштарын отырғызу керек еді… мен Астанадамын да қазір. ал үй Каскелеңде. мүмкін сіз апарып берерсіз мына суреттегілерді. Ақшасын кейін бір жолыққанда бере салармын… ә? мама қуанып қалар еді…

  3. Қайың көшеті, бағасы 4000-5000 теңге
    жеміс 150 теңге тұрады 🙂

    ендрарий- совет өкіметі кезінде ағаш өсіруден ірі орталық болған… 1 рет естіп тұрмын. рахмет инфона 😉

  4. Біз Дендрарийге қыдырып баруды демалыстың бір күніне жоспарлап қойған едік. Жақсы бақшалары бар деп естідім. Қазір түрлі ағаштар мен гүлдері гүлденіп тұрған кезі екен. Дендрарийге саяхатыңды оқып, ол жерде көше бойындағы ағаш базарынан басқа ешнәрсе жоқ па деп қалдым. Ақылы үлкен парк бар деп естігем, кірген жоқсың ба? ондайлары жоқ па әлде?

  5. Тамаша бастама! Өкініштісі біздің Қарағандыда жеміс ағаштарының өспейтіндігі. Әйтпесе ауылға апарып берер ем…
    Дендрарийдің мағынасы не?

  6. Біздің суық жақта…әсіресе менің ауылымда… Қалбаның үнемі суық желі мен самалынан көз ашпайтын өңірге…мынау суреттер «сказка»…:)

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s