Ақшәулінің Қанатынан…


2008 жылдары интернет мені бір ақын жігітпен таныстырып еді. Өлеңдерін қатты ұнатқан ем. Содан Массаған сайты жабылып, одан қол үзіп алған ем, бірақ 2011 дің көктемінде агент маған ол кісіні қайта тауып берді :).

Жаңа өлеңдерін оқып қуанып қалдым, тауып алғаныма қатты ризамын. Аты жөні Қанат Рамазан. Алдында Тотыдан сұхбатын оқып едіңіздер ғой.

Сонымен, бүгін Қанат маған екі орыс әнін аударып берді, соны сіздермен бөліссем деп ем:

1.   Иванушки international — Кукла МАШАның қазақша аудармасы:

Кукла Айжан…

Қара түн, бульвар, жалғызбын,

Жүректе жатыр сұрақ бір,

Арманы болған бар қыздың,

Қуыршақ неге жылап тұр.

Тек қана ойынға арналған,

Өмірі онын ереже…

Жаңбырлы түнге байланған,

Қара түн, тамшы, терезе.

 Қ\сы: Кукла Гулжан, кукла Айжан,

         Құлама, өмір тұрама…

         Сынама оны сынама,

         Қуыршак Айжан жылама, жылама…

 Бар шығар оның бір емі,

Адамдар жылу бермеді,

Ақ жауын бәрін біледі,

Иесі неге келмеді.

                                                                  

Адамдар тастап кетпеңдер,

Кішкентай жаннан безінбе…

Қарашы мәңгі көктем бар,

Қуыршак қыздың көзінде…

 

Қ\сы: Кукла Гулжан, кукла Айжан,

         Құлама, өмір тұрама…

         Сынама оны сынама,

        Қуыршақ Айжан жылама, 

         жылама… жаңбыр жылама…

 

   2. Дмитрий Маликов — С Чистого Листа

Тап-таза беттен…

 

Бастайық бәрін қайтадан,

Жап -жаңа парақ ашылсын,

Өткеннің бәрін қайтарам, 

Уақыт та бізге бас ұрсын.

                                                               

Қоңырау шалдым соңғы рет,

Даусымды өшір санаңнан,

Жап-жаңа өмір мәндірек,

Жап-жаңа бетке жаза алған.

 

Сезімге сендік ылайық,

Басылма дүрсіл басылма,

Қайтадан бәрін құрайық,

Махаббат оқиғасында…   

Рахмет Қанат аудармаңа! Жақын арада жаңа блогыңмен қуантатыныңа сенімдімін. 🙂 Мен айтқанша Қанат блогын ашып үлгеріпті 🙂 Құтты болсын! 

Реклама

Ақшәулінің Қанатынан…: 9 комментариев

  1. Керемет аударған екен!)))
    «Адамдар тастап кетпеңдер,

    Кішкентай жаннан безінбе…

    Қарашы мәңгі көктем бар,

    Қуыршак қыздың көзінде…» — деген жолдар жүрегіме жол тапты… Тамаша жазылған!
    Жаныңызға жақын адамыңызды тауып алғаныңызға қуаныштымын Айкона!

  2. «Қоңырау шалдым соңғы рет,

    Даусымды өшір санаңнан,

    Жап-жаңа өмір мәндірек,

    Жап-жаңа бетке жаза алған.» — осы жолдар да қатты ұнады. Әрине. Жаңа өмір бастау, тура мағынасында емес, адам санасындағы жаңа өмір ол әрқашан мәнді…

  3. қызыық мына жігітті біздің топқа қосу керек екен:) ән вударушылар тобын құраймыз ғой дейм Айжаннұр екеуміз:)

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s