28-29 мамыр- қызыққа толы күндер


Бүгінгі екі күнгі демалысымда қайда барарымды білмей басым дал болды :). Себебі осы күндері Алматы қаласында мәдени шаралар көп ұйымдастырылыпты. Сонымен:

1. 28-29 мамыр күні 28- Панфиловшылар саябағында балаларға арналған «Сладкоежка 2011» атты тәттілер фестивалі болады. Бұл жерде тәттілермен ғана емес, балаларға арналған сурет, спорт, сұрақ-жауап, мастер класстар, дефиле, өлең оқу сияқты шаралары өтеді. Балаларыңызды ертіп барсаңыздар өте қызық болады деген ойламын. Толық ақпар мына жерде.

2. KIMEP— те жас таланттарға арналған  Youth ArtCamp  болып жатыр. Ол төрт бөлімде болады: Сөз (слово)-әдебиет, Қозғалыс (движение)-театр, Дауыс (звук)-музыка, Жобалау (видение)-сурет салу, кино, архитектура, сурет түсіру.  Яғни қандайда бір өнерге қызығушылығыңыз болса онда сізге осында келуге болады.

3. KIMEP— те Мінбер.кз— тің семинары. Блог ашу, журналистерді жаңа медиа технологияларын игеру, БАҚ қатысты заңнамалық актілерді үйрену. Блог ашқыңыз келіп, нақты осы салада айналысқыңыз келсе онда тіркеліп осында келіңіз.

4.  Кешкі 19 00 де  ескі алаңда ТЕЛЕ 2 жаңа байланыс желісінің Қазақстанға енуіне байланысты Звери тобының концерті болады. Көңіл көтергіңіз келсе осында келіңіз.

5. Мега центрде  Fresh Fest  Beeline ұйымдастырған жастар фестивалі болады. Ол жерде RinGo, Uniqqe  топтары өнер көрсетеді дейді.

6. Блоггерлерді Асхат ағай  Қазақфильмге жаңа қазақстандық кино «Жерұйықты» көруге шақырды. Ол енді құпия деп қояйыншы :).

Сонымен демалысты, теледидардың алдында үйде өткізбеңіздер. Демалыстарыңыз сәтті өтсін!

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s