Мен "халық жауының" ұрпағымын…


Әкенің сөзі ұлағат,
Оқыған табар қанағат.
Жүруге сақтап мәңгілік,
Ұрпаққа еттім аманат.

31- мамыр саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу күні. Әрине, біз үшін тарихтың бір беттері сияқты болып көрінер. Бірақ, адам төзгісіз қиындықты өткерген ата- бабаларымызға таң қалам.
Сол кездегі сталиндік репрессияның 70 мыңға жуық көзі ашық, зиялы қауымы атылып, айдауға түсіп, Сібірге жер аударылып кетті. Кеңес Одағының солақай саясаты бойынша, отарланған ұлттың бас көтере алмай, құлақкесті құл болуы үшін, көзі ашық, саналы азаматтарының барлығы да қуғынға түскен. Кейіннен көбі ақталды, бірақ сол кезде кеткен көзі ашық жандардың орны ешқашан толмайды.

Әрине, сіздер мына тақырыбы нес деп отырған боларсыздар. Иә, мен «халық жауының» ұрпағымын. Әкемнің атасы Мәлікаждар Құлмұханбетұлы 1937 «халық жауы» деген желеумен Сібірге айдалып кеткен.
Бабам 1900 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келген. Атам өте жуас, білімге құштар адам болыпты. Ауыл молдасынан білім алған атам, өз білімін ары қарай өздігінен толтырады. 1923 жылы атам өзі тұратын Қолтық  сайында алғашқы мектеп ашады. Елдің шежіресін жинап, жаттап соны өзі кітапқа тізіп жазып жүреді екен. Құбылмалы заманда бабамның шежіресі, жазған жазбалары жоғалып кетеді. Содан 1937 жылы Сталин бастаған өкімет сонау Мәскеуден ғана емес, елдің айғайласаң дауысың жетпес Шолақтанда «халық жауларын» тауыпты. Белгілі бір «үш» әріптің көздеуінше атам өзі оқытқан жиырма шәкірті, әртүрлі шаруашылық саласындағы мамандармен бірге сотталып кетеді. Сонда тағылған басты жала Ораз Жандосовтың сыбайласы, тілектесі деп ұстап кетеді. Әкесі үшін бала жауапты деп айтылған сөздер тек жаңғырық болып қалады, себебі артында қалған ұлдарын «халық жауының» балдарының пионер болуға қақысы жоқ деп атамды мектептен шығарып тастайды. Атам басқа ауылға барып оқып, білім алады. Көп қудалауға түседі. Бабамнан 3 ұл 4 қыз қалады. Олар қанша қиыншылық көрседе, білім алуға талпынады. Тек ауылдық мектептермен шектелмей институттарды да тамамдайды.
Бабам Сібірден балаларына хат жазып тұрады, әр жазған хаты өлең екен. Сондай бір өлеңінен үзінді:
Басымнан өмір бойы арылмайтын,
Туысқан жапсырды ғой нақақ жала.
Көре алмай жақсы жұмыс, тұрмысымды.
Жаламен ақ ісімді етті қара.
Ойласам нақақ бүйтіп күйгенімді,
Басымды көтерпейді қайғы жаңа,
Өмірім қорлықпенен өте ме деп,
Кетеді іші-сыртым оттай жана.
Көрермін олай болмас балаларды,
Сағынған іні менен ағаларды
Ақиқат болар ісім тексеріліп,
Үкімет ақ, қараны сараларды. 13.03.1953жыл; сонда үкімет атамның ақтығын 16 жыл тексереді. 1954 жылы бабам елге оралады. Бірақ әбден қажыған, Сібірден арқалап келген ауруы балаларының қасында бір жыл ғана өмір сүруге мұрсат береді. Әкесі қайтып келген күннен бастап атам күнделік жүргізеді. Әкесінің оралғанына қуанған атам, әр сәтті есіне сақтағысы келеді. Әкесіз өткен әр жыл атам үшін қияметтің көпірі еді.
Бірақ тағдыр сындырмай, қайта жігерін қайраған атам Жүнісхан Мәлікаждарұлын біздің аудан бойынша КСРО ның, Қазақ ССР нің, ҚР ның еңбегі сіңген ұстаз атағына жеткізеді.
Әкесінен алған өсиеті бойынша Албан ұрпағынан тараған Қожбанбет руының шежіресін жазып ұрпағына таратады. 1997 жылы бабам ақталады, сол кезде ас беріліп, біздің ауылдан айдауға кеткен кісілердің құрметіне ескерткіш тақта қойылды.

Міне, солай мен «халық жауының» ұрпағымын. Оны мақтан тұтам. Себебі осыншама қиыншылықты көрседе артында қалған ұрпағына мақтаныш болатындай бабаларымның болғанына. Сіздер мәңгі біздің санамызда, жүрегіміздесіздер.Өткенің санаңда болмай, болашаққа қадам басуың тарихта орныңның жоқтығын көрсетеді дейді. Сондықтан тарихымызды қастерлейік.
Атам жайлы естелігімді кейінірек жазамын. Өйткені өзім көрген, мейірімін сезініп, тәрбиесін алып өстім ғой.

Реклама

Мен "халық жауының" ұрпағымын…: 11 комментариев

  1. Шаш ал десе, бас алған шолақ белсенділер талай ата бабамызды «халық жауы» деп жариялап, сотсыз үкімсіз атты, итжеккенге айдады ғой. Сайқал саясат елдің барлық бас көтерер ұтшыл азаматтары мен солардың жанында жүрген жап-жас інілерін де қуғынға ұшыратты. Сол репрессия қырғыннан кімдер аман қалды? Әпербақан ұрдажық билікқұмар саяси топас шолақ белсенділер мен әбден титықтап бас амандығынан басқа ештемені ойламаған шарасыз, басшысыз қалған халық. Содан соң орыстандыру, мәңгірттендіру, араққа үйретудің культурный саясаты басталды. Тарихтан әрқашан сабақ алы отыруымыз қажет. Ата-бабаларың туралы естелік жазбаң өте құнды екен Айкона. Бұны жазу сенің міндетің, қарызың еді. Міне соны тамаша бастапсың.

    1. Рахмет. Өлеңдері, зерттеу жұмыстары өте көп. Ауылға барғанда әкеліп жариялап қоям.

  2. ия,ол кезде қайсы қазақтың басына жала жабылып,мойнына тұзақ түспеді дейсің!жазғаның ақихат!
    менде халық жауының ұрпағы едім .енді расында сол кезде сол заманның қызыл белсенділері үкім шығарған ғой.бырақ менің аталарым да оңай жан береме?шегарашылармен атса отырып қашып кетпті…
    сосын араға алпыс жыл салып қайта келгенде алдымда отызға ілінбеген Мұхтар деген такси жігіт «Е,халық жауының ұрпағымын де!»деп қарап тұр…

  3. Иә, тамаша жазба екен! Атаңыздың ақындығына да тәнті болып отырмын! Басқа жырларын оқуға мүмкіндік болмай ма екен?
    Ұрпақтардың ата-бабалар үшін ұялмайтыны, қайта мақтаныш тұтатыны қандай бақыт!!! Ол кісілер өте бақытты кісілер!!! АЛЛА арғы өмірінде бәрін жеңіл қылсын олар үшін!!!

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s