Қош бол деп ем…


Иә, арман қоштасып ем сенімен…

Неге деймін? 3 жыл бойы жетіп келген төзімім….

Аяқ асты үзілді….

Қоштасамын дедім мен…

Амалым таусылғаннан қош дедім саған… 3 жыл бойы күндерім сеннен звонок күтумен, сен іздеп қалар деген үмітпен өмір сүрдім. Бір сәтте осының бәріне жетіп жүрген төзімім үзіліп кетті. Шыдамадым…. Бәрін айтып салдым… Ашумен… Күтпеп едім… Сенен: «мен сенімен қоштаса алмаймын» деген сөзді күтіп ем… Жоқ, жоқ, жоқ неге шықты осы бір ауыз сөз аузымнан… Сенде маған қош дедің…  Жанарыма тығылған ыстық жастан құтыла алмай, көкірегімді кернеген сезімімді жұта алмай екі ортада, жол айрықта қалып қойдым… Жалтаңдадым сен жаққа… Қарамадың… басқа жанның сезіміне зәру мең?…

Адасып қалған сезімімді іздеумен, тілімнен шыққан сөзімді қайтара алмай… Саған кеткен төзімді, жүрегімдегі сезімді үш жыл бойы өзіме серік етіп ем… Алданыппын, сенің маған қараған көздеріңе, ойлап едім жанарыңдағы жан менмін деп… алданыппын ішімдегі нәзік бір сенімге…

Бар кінәні артып ем сенің жігерсіздігіңе, шешімсіздігіңе… Бар кінә тек сезімнің жоқтығы, басқа жанға көңіліңнің тоқтығы… Адалдығым, сезімім барлығын, бір-ақ сәттік еттің де, қоштасып кете бардың…

Қош бол дедім сөзбенен, бірақ айта алдым ба көзбенен? Қарамадың неге қарамадың, сені аңсаған көздерге бір сәт болсада жанарың ды салмадың… Жүрегімді тыңдамадың… Болар ма едің осыншама өзімшіл?

Өтінемін қайтып берші, уақытым мен төзімімді,

сен деп соққан жүректегі сезімімді…

Оралшы өтініш…

Өзім барып айтуға…

шамам менің жетер емес… ашуым мен ызамды жұта алмай, сезіміммен менмендігімді жуа алмай… сен келсең егер кешірер ем…

Реклама

Қош бол деп ем…: 7 комментариев

  1. Ешкімді сағынбаймын, сағынып керегі не?!
    Еш кеткен сағынышым, жеткізбей дегеніме…-деген өлең жолдарын Алмас ақынның жазған өлеңінен оқып едім. Сезімнің де сәтсіздік әкелер сәттері жетерлік,дегенмен,сол сәтсіздіктерден де тәтті елес іздеуге болады…

  2. Толықтай нүкте қой да жаңа өмір баста. Абайдың мынадай сөздері бар:
    Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
    Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
    Өзіңе сен, өзіңді алып шығар
    Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

    Сондықтан өзіңе сенімді бол, бәрі жақсы болады!

    1. Иә,Айкон, мен де қолдаймын. Қалың жұлдыз арасынан жылт еткен бір үміт өзі-ақ көрінеді,егер сен дайын болсаң!

  3. Еріксіз көзге жас келді…
    Мықтысың қош деген. Кейбіреулер қоштаса алмай қиналады. Ерте ме кеш пе осылай болуга тиіс болғасын болды өкінбейік, қайтеміз, басқа түссе баспақшыл.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s