Ой-мені өлтіреді…


Сан түрлі ойлар қаумап алған, алға басқан аяғымды артқа тартатындай. Айтылған сөз, атылған оқ мен үшін. Ойыма бірдеңке келсе, соған жетпейінше тыныш таппайтын менің ақымақ көңілім ай… Келем, жауабын таппаған жалғыз сұрақ «неге?» деген…
Көрдім, таныс көздер, «жаным» деп жазған жалғыз сөзімен елітіп әкететітін көздер, ойлар… Ғашық болуға өзіме «запрет» қойғам, сезіммен емес достық ниетпен келдім. Бірақ, іштегі өлең өртеп бара жатса «запретіме» қарсы тұра алам ба? Жоқ, мен қарсы тұруым керек, себебі тағдыр солай шешкен. Бірақ, тағдырды мен өзім жасаймын… Қатыгездік…
Еркіндік. Тым еркін ұстадым өзімді. Кәдімгі үйде жалғыз қалғандағыдай еркінмін…
Батылмын. Көзіңе тура қарай алдым… Қайдан келген батылдық? Нені, кімді көргім келді ол көздерден… Сұрақ, тағы сұрақ…
Ойлар, сөздер, таласып жатқан әңгімелер… Ақтарылған сырлар, ешкімге айтылмайтын сырлар… Бар шындығым, мүмкін өзімнен жасырған шындығым… Алдыңа жайып салдым, сенің сырларың, ойларың астасып жатыр… Түсінік, жан дүниемізді түсіне алады екенбіз, өмірдегі ұстанымдарың менің ішімдегі басқа А ның ұстанымен ұштасып жатыр, бірақ батылсыздықты киген бет берде ол ұстанымдарды тереңге тығып қойған еді…
Әлсіздігім, қорқақтығым, нәзіктігім… Өмірдегі қорқақтығымды байқадың… Мені қинаған сәттерге сен сол сәтте ақ басқаша мағына бердің. Мен жеңілдім деген істе, сен жеңдің дедің… Ең қызығы соншама уақыт қинаған сырымды саған қиналмай айтып бердім. Мүмкін ішіме сыймаған болар, мүмкін саған деген сенім болар… Мені құртатында осы сенім…
-Менің қызым болшы? Қуана жауап берер сұрағым еді… Алдында ойланғанда шешімін таба алмаған сұрағым еді… Қорыққаным да осы сұрақ еді… Менсіз, маған дейін құрылған жоспарларың жауабымды бөгеп тастады… Иа, болғым келеді;- деп өзімшілдікке салына ала алмадым… Ойларым, неге бөгеді???
Ернің… Тәтті ме еді бұрында… Әрине қаншама қыздың сезімінің дәмін тартқан ерінің… Оларда мен өртенгендей өртенген шығар иа… Қызғанып кеттім… Ішімді шарпып өтті… Тоқташы не ойлап кеттің сен? Сенің бұл ісің дұрыс па? Әлде от салғың келді ма? Тоқта деймін, сүйме мені, қинама мені, өртеме мені… Бірақ, тоқтапашы сүюіңді… Еріндерің тәтті ме еді бұрында?.. Бетіме шықты нәзіктігім, әлсіз ғана қыз екенім дәлел деп берді өзіме. Мен сүйген ерін біреудікі бола ма? Жоқ, қалқам қиялдама… Қиялыңа шабыт жаным бітірме… Иесі бар…
Құшақтарың, ыстық еді… Тоңып жүрген, аңсап жүрген жылулығым соның ішінде еді… Жоқ, армандама… Армандауға тиым салам мен саған… Қарсы жауапты күттім… Арыға бармай осы жерден тоқтайықшы…

Көріп жүрген тәтті түсіме сызат түсірмейікші…
Қанша сезім бойлап тұрсада, санамдағы жалғыз «тиым» кетпеді, мен еркінмін ол да еркін десем де бір саусағына салынатын жүзік мені тежеп қойды. Өтінем, өтінем мені сүйші жүрегіңмен… Саған ғашық болған көп қыздардың ішінде, тізіміне ғана ілініп қалғым келмейді… Сені де менің қолым жетпей қалған арғымағыманың тізіміне қосқым келмейді… Аянышты… Екеуміздің осы сәтіміз аянышты… Күн сәуле шашқан қыз осы күйімді көрсе аяр еді…
Дос болам деп барып, ерніңнің дәмін татып, құшағыңның ыстығын сезіндім… Дос болам деп барып жүрегімді ұсынғым келмеді… Қорқақ қой жүрегім… Бір емес бірнеше рет меселі қайтқан ғой… Жалтақтайды… Қайтсін енді? Уәдесі бар еді, ол сүймесе менде сүймеймін, өртенбеймін… Дос болам деп барып, жүрегіңді ұрлап қайтқым келді… Өлеңмен өртенген жүрекке иелік еткім келді… Ендігі шығатын өлеңдеріңнен өзімнің бөлшегімді іздегім келді… Өзімшілдігім ай…
Өртеген, мүмкін көп мұңға салған бұрынғы сезімімді ұмытып кеткендеймін, тіпті мен оны сүйіп пе едім деген ой келді…
Не ойладың екен? Мен сияқты көздеріңді іле алмадың ба екен? Әлде жастығыңды құшақтап ұйықтадың ба екен? Әлде сенде, не істедім дұрыс па бұрыс па деген ойлардан мазаң қашты ма екен?

Реклама

Ой-мені өлтіреді…: Один комментарий

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s