Өлеңге деген арманым болшы…


Кейде өзімді табу үшін, ғашық болуға құмарттым…

Жүрегімнің орнында, өзімнің бар екенімді сезіну үшін ғашық болып жүруім керек екен. Сонда, сезімдерді, көңіл-күйді бәрін толықтай жеткізу қиын соқпайды екен.

Кейде жәй ғана адамдардың жәй ғана саған қарағаны, сені сезінгені жақсы әсер береді екен.

Керемет шығарма туу үшін адамдарға өлердей ғашық болу керек екен, онымен ешқашан…  ешқшан бірге бола алмайтыныңды сезінген кезде керемет шығармалар жаза алатындайсың. Себебі қолың жеткен күнде, күйбең тірлік оның бағасын тым төмендетіп жібереді… Сезінуге шамаң жетпейтіндей, бағалауға жүрегің дауламайтындай… Адамдар жоғалтып алған кезде ғана, ех менде осындай керемет сезім,  күй болыпты ғой дейтіндей. Ең ақырғы сәтте осының бәріне «пенделік» деген жұқалтаң кедейдің көйлегін кигізе саламыз. Адамдықтың бай көйлегі кімдердің үстінде екен?

Қызық, өз жазу өнерімді дамытқым келеді… Жәй күнделікті өз сезіміді жеткізіп қана емес шын зерттеуімді, шын арман жырымды жазғым келеді екен… Оның да «өлеңге деген арманым болшы» деген тілегін орындағым келіп кетті… Менің де бір арманымды жеткізе алатын арманым болшы немесе шығармашылығымның алтын кілті болшы дегім келді. Қамалған ойларымды жазуға мұрша берші, сағынышты жеткізуге себепші болшы дегім келді…

Реклама

Өлеңге деген арманым болшы…: 5 комментариев

  1. Негізі, «тек оған арналған» деген категориямен жазылған жазбалардың бәрі тек шығармашылықты дамыту мақсатында жазылған жазбалар. Ақыры сезім туралы көп жазатын болғандықтанда, бір кішігірім әңгіме ретінде жазсам ба деген ой келді.

  2. «Кейде өзімді табу үшін, ғашық болуға құмарттым…»
    Несіне, қалқам, жүрекке ауыр жүк арттың?..

    1. жүрегімде ауыр жүк болмаса,
      қалай өмір сүрдім деймін, қымбаттым…

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s