Бір ауыз хат жаза салсаң не етеді?


Бостандық демекші, бостандығың бітуіне санаулы күндер қалыпты ғой. Иа, содан кейін… Сен де, үйленген азамат боласың… Қызық кейде маған, мен ылғи кеш қалып жүретіндей көрінем. Бір құрбым айтпақшы: кеш, өте кеш кездестіңдер;- деп. Иә, кеш қой… Бірақ біздің ойларымыздың дамуына бұл кедергі келтірмес… Себебі, үйлену тек қана бастамасы болады деп ең ғой… Себебі ойларымыз бәрібір бостандықта болады, ойларымыз еркін…

Қызық, қиын іс бастамақпыз. Өзімізді, сезімдерді, адамдықты, қаншалықты сүйе алатынымызды сынамақпыз… Батыл шешім, қадам. Меніңше ешкім бармайтын қадам. Зерттеушіміз…

Біз кездеспегелі, сөйлеспегелі 11 күн. 11 күн тек күтумен, елеңдеумен өткен уақыт… Әрине, түсінем тойдың қамы сен үшін, нұр сәулелі қыз үшін бақытты уақыт, мен үшін азапты уақыт… Белгісіздіктің уақыты… Шешімі, шығар жолы жоқ уақыт…

Тек бір ғана Б. Бабаштың өлеңі келе береді:

Сезімді аяп, түсіп жүрген егеске,
Шыққа толды етегім.
Тағдыр бәрін шешіп қойды емес пе,
Сізді неге сағынады екенмін?

«Жаным» деген жалғыз сөзден жылынып,
Жүрегімде бүршік атты бір үміт.
Құшағында қара түннің құмығып,
Сізді ойладым. Айтыңызшы, ақтала ма бұ қылық?

Тағдырымды тағдырыңа қоспаған,
Тәңірге де тілім тиді қан-ша-ма.
Біз айтпаған махаббаттың бал әнін,
Ақ кептерім алып ұшты аспанға.

Түндерім де, түс сыйлаған, мұздай тым,
Жадыма алсам, жаным тағы сыздайды.
Өз бағымда өлең жазып отырам,
Өзге гүлді аялаған Сіз жайлы.

Ақымақтық? Ақтамайды мені ешкім.
Үмітімнің алтын жібін тек естім.
Бір sms жаза салсаң не етеді,
Ұмыта алар емеспін…

 

Реклама

Бір ауыз хат жаза салсаң не етеді?: 4 комментария

  1. Тууу осындай оқиға да менің басымнан өтіп еді. Өте қиын сәттер… Жанарың жасқа толып, көкірегіңді өкініш пен ыза өртеп жіберердей күйде боласың…Өте қиын. Мен сол оқиғадан әлі де ес жинап, өзіме келер емеспін. Өйткені ұмытқым келмейді…

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s