Цена страсти…


Қазақстан кинотеатралырда көрсетілуі бітуге таяу көп ой салатын фильм жайында ой.

Атын оқығанда және 18 жаспен шектелетін шектеуді көргенде ойланып қалдым. Аты бір жағы қызықтырды бір жағы алыстатты. Қызығушылық басым болды. Бардым, көрдім.

Режиссер: Мэттью Чапман

Актерлар: Лив Тайлер, Чарли Ханнэм, Патрик Уилсон, Терренс Ховард

Басты тақырып: махаббат, дін, қарым-қатынас.

Оқиғасы: Шатырдан секірмек болған жігіттің осы қадамға бел бууы және оны тыңдаған полицейскийдің өз қиындығын баяндаулары.

Негізі кино адамның айту кезінде оқиғаны бейнелеуі арқылы түсірілген.

Мақсаты: Адамды билейтін басты нәрсе қызығушылық екенін көрсету.

Гей досы бар, бөлім басшысы болып істейтін өзімен бір этажда тұратын қызды жұмысқа алады, күннен күнге ұната бастайды, ол қыздың күйеуі дінді ұстап қалған бір түрлі фанат болады. Танысып, ұстанымдары үшін жиі сөзге келіп қала береді. Ақырында қызды өзіне айналдырады. Әйелінің көзіне шөп салғанын көрген күйеуінің қиналысын актер жақсы аша білген. Адамдар құмарлыққа (страсть) қатты берілген кезде оларды ештеме ұстап тұра алмайтынын, дінде, парыз да ештеме ұстап тұра алмайтынын көрсете білген. Бір сәттік қызығушылықтан бәрінен бас тартуға, өкінуге немесе үлкен қадамға жол бастауға, ол жолдың жақсылыққа апармасын да түсіндіру сияқты. Соңында діншіл күйеуі дін бойынша жарының көзіне шөп салудың жазасы өлім екенін анық айтады. Соны іске асыру мақсатында басты рольдегі жігітке таңдау ұсынады: не сен не ол өледі. Таңда не мен оны өлтірем, не сен өзің құдай үйіне қарап тұрып ойыңды өзгертіп өзің өлесің деген. Жігіт көп ойланады, уақыты арқылы саралайды. Бұрынғы әйелінің қызының автокөлік апатынан болған қазасын кешіре алмағанын ойлайды. Онымен сөйлескен полицейский өз балаларының өзінен туылмағанын біледі. Әйелін кешіру, кешпеу болған оқиғадан алған сабақ. Қазіргі американдық өмір, гейлікті қабылдау оған қоғамның қарсылығы.

Құмарлықтың жазасы— өлім. Бірақ, бұл өмірде бізді өз құмарлығымыз үшін ешкім бізді жазалмауға тиіс, өйткені өзінің арының алдында әр кім өзі жауапты.

Сонымен киноны көріп шығуға кеңес берер ем. Адам өмірінде құндылық не? Өмірдің өзі ме махаббат па? Әлде балалар ма адалдық па?

Меніңше болса американдықтар өмірдің мәні неде деген сұраққа көп жауап іздей бастаған сияқты.

Шынымен мәні неде өмірдің?

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s