Неге солай?


Мектепте оқып жүрген кезде сыныбымда көңілі ашық, ешқандай пенделігі жоқ досым болды. Ұлан деген. Екеуміздің әңгімеміз таусылмайтын, кейде тіпті апай далаға талай қуып шыққан екеумізді. Менің саусақтарымның қысқалығын айтып қиын ойнайтын еді. Қиын қалжыңбас еді.

Менің, сіңілімнің екеуміздің ортақ дос қызымыз болған Айгүл деген. Мектепте махаббат деген қызық қой. Хат жазу, бұрыштарда тығылып сөйлесу, залда көріп қалсаң көзбен үнсіз амандасу… Содан жаңағы Айгүл менің досым Ұланға ғашық болды. Ұлан өте паң жігіт еді, біраз қыздардың басын қатырып жүретін. Екеуміздің бастысы тақырыбымызда соның қыздарын талқылау еді :). Жаңағы подружкам Ұланға күнде кәмпит әкеледі, жартысы менікі болатын :). Содан йгүл әйтеуір 1 жыл жүріп Ұланды өзіне ғашық қылды. Ұлан тура Мелих (Дениздегі) сияқты бір сүйсе өліп сүйетін боп шықты. Екеуі былтырға дейін жүрді. Сонда барлығы 10 жылға уақыт жүрді. 10 жыл ішінде Айгүл қатты өзгерді Бізбен араласпайтында боп кетті. Досым арқылы бәрін біліп отыратынмын. Былтыр досым жаңа жылға барған кезде, менің көзімше Айгүлге үйленуге ұсыныс жасады. Ол да «иә» деген жауабын берді. Шын, қатты қуандым екеуі үшін. Бірақ, бір но бар еді. Ұлан әскерден соң ауылда, Айгүл қалада еді… Айгүлдің басқа жігіті бар екен деп еститінмін, оған сол үшін де ренжіген едім. Досыма намекпен айтқам. Бірақ түсінбеді. Өздері білер деген ой келді. Содан 8 айдан кейін Айгүл басқа жігітке үйленіпті дегенді естідім. Досымды аядым. Көп уақыт тек Айгүл деп жүрді ғой. Сөйтсем Айгүл ол үйленген жігітімен жүргеніне 2 жыл болыпты. Ол қалада тұратын, жұмысы бар бала. Мүмкін, Айгүлдікі дұрыс шешім шығар оны кінәлауға болмайды. Ол өз болашағын ойлауы керек, махаббат тамақ болмайды деп шешкен болар… Бірақ досым, құлдырап кетті… Айгүл үйленген күні үйіне барып сөйлеспек болыпты, ал оның ағасы шығып өзінше боған. Досым со күні аяғында сындырды… Қазір, мүлдем сенімі жоқ құлдырап жүрген түрін көріп баяғы мектептегі паң досым қайда кетті екен деймін. Уақыт адамды өзгертеді… Бүгін сіңілім келіп еді, Ұланды еріксіз есіме салды. Соның қылықтарын айтып… Ех, досым… Бұрынғы ақкөңіл, паңданып жүретін досымды сағындым. Ұлан бұрынғы қалпыңа оралшы…

Реклама

Неге солай?: Один комментарий

  1. Оқиға жақсы екен. Тек Айгүл баска жігітке үйленіпті дегеннің орнына тұрмыска шығыпты деп түзетіп жіберсеңіз…Саттілік тілеймін:Жазар көбейсін!!!

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s