Мен ол жаста….


Сенбі күні бір ауылға жолым түсіп, қонаққа бардым. Бәрі керемет, адамдар сондай ашық. Қызық маған бір тәте сондай ұнады. Ашық, әңгімесі де жақсы. Әңіме арасында үш баласының барын, үлкенінің 6 сыныпта оқитынын білдім. Жасы нешеде екен деген ой келді, сұрадым. Жасым 25 те! аааааа, — мммммм аузыма сөз түспей қалды. 25 те баласы 12 деее????? Сонда 13 жасында үйленген ба???

— иа, 7- сыныпты бітірген соң үйленгем, балам қазір 6- сыныпта оқиды, жолдасым үлкен.

Ары қарай сұрақ қоя алмадым. Менімен қатарлас, сонда заң қайда қарап отыр, мектеп жасындағы балаларға үйлену, екі қабат болып қалу қатаң жазаланады емес пе? анасы қалай рұқсат берді екен…

Өзімнің 7- сыныптағы кезім есіме түсті.

Мен ол жаста…

Күйеуге тию тұрмақ, жігіттің не екенін білмеппін.

Махаббат, менің бар білетінім біреу хат жазса соған өшпенділікпен қарау еді. Бірақ ішіңнен оған ұрлана қарап қойып, мәзсің ғой. Хат жазады ғой енді, аласың қыздар болып оқисың еее әдемі бала болса қыздардың алдында қуанып қоясың жаман бала болса жылап аласың. Әйбәт бала дегенің сонда жақсы оқитын, таза жүретін, әйтеуір мама-папасы хотя бы мұғалім болып ітсейтін бала. Жаман бала сол сабағы нашар, боқтап сөйлейтін бала еді. Содан хатты әйбәттап ұсақтап жыртасың, типа батыл болып ана баланың алақанына салып бересің. Бітті. Типа өзіңшесің :))). Бірақ іштей мәсің себебі ол хатта: » мектептегі ең әдемі өзіңсің, сені өзгелерден артық көрем»,- деген сөз бар. Ырзасың. Бірақ хат келгенде, қандай баладан екенін біліп алу, керек подружкаңа ұнайтын бала болса бітті. Ол кәдімгідей саған ренжіп қалады.

Мен әлі бала едім, папамның мойнына асылып ойнап, еркелеп балалығымның бақытты кезін кешіп жүр едім.

Енді міне, сен балалықты өткеріп жүргенде сенің құрбың ана болып жатқанын білесің…

Реклама

Мен ол жаста….: 2 комментария

  1. Анасы қалай рұқсат берді екен дейсің бе?
    Менің бір құрбымның анасы он үш жасында тұрмысқа шыққан («үйленген» емес). Өйткені, оны өз анасы зорлап бір жігітке қосқан, қызын сол еркекпен бірге бір бөлмеге қамап кеткен.
    Сол қыз 28 жасында 9 баланың анасы атанып, қазір енді алпысқа жаңа келіп, шөбере сүйіп отыр.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s