Саз әлемі


Саз әлемі «Ел арна» телеарнасында Баян Есентаеваның идеясымен басталған жаңа жоба.

Жоба мақсатында, 12 номинация бойынша жылдың әнін, әншісін, композитор, ақын, топ әншілерін анықтау.
1. 2011 жылдың ң үздік әні

2. Ең ҮЗДІК әнші (ер адам)

3. Ең Үздік әнші (әйел адам)

4. «Үздік бойз-бэнд» яғни жігіттерден құралған топ
5. «Үздік гёлз-бэнд» яғни қыздардан құралған топ
6. «Үздік бейнебаян»
7. «Жылдың жаңалығы»
8.  Баян Есентаеваның жеке сыйлығы
9. Қазақ эстрадасының дамуына қосқан үлесі үшін;— номинациялары бойыншы қаралады екен.

Сонымен, бағдарлама ішін ақтарып көрсек: 

1. Біздің қоғам қандай ала-құла болса, бағдарламада солай. Негізі Ел арнаның сайтында тілі- қазақша деп көрсетілген, бірақ көбіне орыс тілде өтеді. Сөзін қазақша бастап, аяғын орысшамен бітіреді. Сайтта тек комменттер орысша болуы мүмкін деп тұр.

2. Қалжыңдарыда бір түрлі, мадениет жоқтықты көрсетеді

3.  Әділ қазылар тым әлсіз, Ринат, сөзін жақсы бастап келеді де, қазақбайлыққа салынып енді осындай болады деп аяқтайды, Бағым, тура пікір айтып отырды, Мадина, пікір айта алатын әнші ме?; Лұқпан аға, мардымды пікір шықпады аузынан. Мен бүгін қатты сын айтсам не турасын айтсам араласып жүрген адам, меніңде күнім түседі деген ой көп маза бермейді әділ қазыларға. Сынды айтып алып, 10 ды көтеретіндері жайында үндемей-ақ қоюға болады.

4. Сарапшылар, оларды әншілердің киімін, толық-арықтығын, мұрты бар-жоғын сынау үшін отырғызғандай. Ләйлә Сұлтанқызы, пікірін ашып айтпайды, әйтеуір елдің бәріне жақсы көрініп қалу мақсатында, Дина, ех Дина тура айтам деп белдіктенде төмен түсіп кетеді, сыни көз қарастан гөрі өзі ақпарат іздегенде таба алмай қалған жаңалығын іздеп отырады, Нұрлан — бәрінің «қорғаушысы».

5. Сахна шыққан соң әншінің бәрі бірдей емес пе, ол «ана» атанды сол үшінде кешіріммен қарап дауыс беріңіз, бүгін ауырыңқырап тұрды. Осындай ойлар жыныңды келтіреді екен. Шықса өзі үшін шықты ғой, туса да өзі үшін. Бізге оның жеке өміріндегі өзгерісті ол жерде жеткізіп қажеті қанша. Ол үшін «Хедлайнер» бар емес пе?.. Сахнаға, байқауға шыққан соң ол біз үшін әнші, әнді жеткізуші.

6. Баянның идеясы, Баянды насихаттау үшін тұрғандай.

Реклама