Орташа есеппен қазақтардың үй салуы



«Үй салу керек еді»- деп кемінде 3 жыл жүреді, енді қиялдай да білу керек қой!
Үй салу жайында көбіне балалары ер жеткенде ойланады, онда студент балалары туысқандарыныкінде тұрудан жалықандарын айтқанда шешім қабылдайды
Жер алу үшін міндетті түрде кредит алады
Жерді алдымен байлар тұрады деген аудандардан іздейді, несі бар ақшасы бар шығар
жер іздеуде ақшасының қалыңдығына қарай, басқа райондарға көшеді

Содан жер алады, оны әбден мақтайды: алыстығы жақын боп кетеді, су, свет обшым бәрі бар
«Үй салатын боп жатырмын»- деп бүкіл туысқандарына звондап ескерту жасап қояды, енді асарға шақыруға намек
Үй салу үшін отпускыға шығады
Үй салғышбектермен арнайы кездесіп ақыл- кеңес сұрайды. (Салғышбектер олар архитектор, арнайы мамандығы жоқтар, олар тек үй салғандар не важно өзі салды өзбектер салды)
Бір суббота мен демалыс күнді белгілеп, кемпірі екеуі қой алып, сойып дайныдап қояды
Содан бәрін шақырады, «асар жасап жатыр ем, кел, бізде сен үй салғанда қарап жатпаспыз» деп бауырлық танытады
Асар болатын күні, пиво мен арақты көптеу қылып алып қояды, ет асқызады
Асарға келмегендерге телефонмен біраз ренжіп алады
Асар бітіп, фундамент құйылып, кірпіш қаланып, шатыр жабылған соң үйдің аздап қисықтау болғанын байқайды.
«Қазақтар үй салуға келгенде өте мықты емес, оны мойындау керек» деп өзбек акаларды іздеуге шығады
Өзбектерді жұмыстары жақсы болса да, өздері өте сасық деп ойлайды
Өзбектерге бітпеген үйдің бөлмесін беріп қояды
Оларды милициядан жасырып ұстайды, милициялар біліп қойса жоғарыдағы бір көкесіне звондатып, ақша беріп шығарып алады
Өзбектерге санаулы продукты алып береді, оларға арасында әйелі екеуі күріш басып жегізуге құмар келеді.
Кейбір кісілер, өзбектерді ұруға шебер, қорқытып қояды: «милицияға ұстап берем» деп
Үйі бітпей жатып күнде бір туысқанын әкеліп сынатып қояды, жақсы десе мақтанып қалады, жаман десе өзбектерін жамандап алады.
Сынаған кісі бір кемшілік айтса, кеткен соң өзбектерге «ана жер андай боп қалыпты» деп өзінше бола қалады
Елдің үйлеріне қонаққа барғыш боп кетеді, олардың үйлерін өз үйімен салыстырып отырады
Елдер андай жасап жатыр, маған да сондай жаса деп өзбектердің миын ашытады
Үйдің іші сыланып біткесін сыртын жасатуға көбіне қаражат жетпей қалып, келесі жылға қалады
Ішін бітірген өзбектерге кейде ақшасының кейбір бөлігін бермей қояды
Келесі жылы әйтеуір сыртын бітіреді да, кейбір ұсақ түйек жұмыстары тағы келесі жылға қалады.
Өзі аздан- аздан істеп жүріп әйтеуір 5 жылдың ар жақ бер жағында бітірдім жасап қояды.
Дарбаза сол бес жылдан кейін бірақ салынуы мүмкін
Сонан кейін қайтадан үйдің ремонтының жыры басталады 🙂

! Бұл орташа есеп көбіне алматы қаласы мен алматы облысына қарасты алынған.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s