Саз әлемі 2


Саз әлемі- 2012 кешеден бастап қайта бізді қуантпақ…

Былтырғы жылы, бірінші рет басталғасын кемшіліктері жайлы көп сөз қозғап, біраз әншілерді аспаннан түсіріп қойған едік…

Әр бағдарлама жасаушыға меніңше болса, өз бағдарламасын жұрттың қалай қабылдап, жақсы-жаман болсын талқылап жатқаны меніңше қуаныш. Шын ғой, өзіміз кішкене бірдеме жазсақ та талқылау күтіп отырамыз. Ешкім 100% керемет дүние жасай алмайды, себебі талғам деген «өте капризный» кісі екен)).

Жалпы, былтырғыдан өзгерісті кеше бірден көре алмадым. Мүмкін, бағдарлама өткен сайын байқап қалармын (-мыз). Ааа, байқағаным, жүргізуші үшеу болып кетіпті))). Баян ханымның қазақшасы да қуантарлық болып қалған (қазақтар қазақша сөйлесе, қуанатын жағдайға жеткенімізге көп болды ғой).

Саз әлемі, жақсы бағдарлама. Әншілерімізді де, әндерімізді де оның ішінде әнге сөз жазған ақын да, ән жазған компазиторды да тікелей сынап алуға үлкен мүмкіндіктер бар сияқты. Жюри мен сарапшыларды жақсы мамандар болса әрине…

Бізде қалыптасып қалған стереотиптер көп қой, жақсы әндер қазақ болғасын ұлттық нақыштағы әнді ұлттық нақышта орындалу керек немесе біздің әншілер шетелдік әншілер сияқты орындай алмайды деген. Біріншісіне әрине таласым бар, себебі, заманына қарай адамы. Заман талабына сай әні, әншісі, тыңдаушысы. Екіншісіне айтарым, бізде шынайылық жоқ.

Кешегі орындалған әндердің ішінен, мына ән немесе мына әнші ұнады деп нақ басып айта алмай отырғаным тағы бар. Дегенмен, Кентал өзгеріс енгізгісі келеді, бірақ… Сақалшы, сақалшы дегенге сақалын бояпты дей ма? Соның кейпінен аспай қалған сияқты…

Сіз не ойлайсыз?

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s