Блогтағы танымал тақырыптар немесе біз нені көп талқылаймыз


Заманның дамуына қарай қазір «блог» жазу сәнге айналды десе де болады. Әр бір блогтұғырды қолданып және ол жерде өз ойын бөлісіп жүрген әр бір қолданушы өзін «блоггермін» деп атауға толық құқылы.

Сонымен, қазіргі күндегі өзіміз оқып жүрген блогтұғырлардағы тақырыптарды сараптап көрсек.

Ең көп қозғалатын және жалықтырмас тақырыптар:

1. Махаббат мәңгілік тақырып, қанша жүрек болса, сонша сезім түрі бар. (бір адам көп жазса жалықтырып жіберуіде мүмкін, сондықтан да түрлендіріп өзгертіп анда-санда жазу керек)

2. Қарым-қатынас (үлкендер әңгімесі, барлық адамдарға тән нәрселер)

3. Жыл мезгілі. (Әр мезгілге байланысты өзіміздің әсеріміз, әдемілігі, суреттері)

4. Сән (мода, мейлі ол шаш үлгісі, киім, тіпті жәй жаңалық болсын)

5. Демалыс орындары (қайда? қашан? қанша кетті? деген үш сұраққа жауап беріп суреттермен көркемделген)

6. Аспаздық (жасалу жолын суретпен көрсетіп жазылған)


Көп жазылып көп талқыға түсетін тақырыптар:

1. Кино және күнделікті бағдарламалар тақырыбы (ойыңыз және нақты «-» мен «+» терін көрсете білу керек)

2. Әлеуметтік тақырыптар (күнделікті өзіңізді мазалап жүрген нәрселер, тек саясат емес)

3. спорт, жарыстар (қандай болмасын, қандай ауқымды болмасын)

4. Жаңа гаджеттер мен техника артықшылықтарын салыстырмалы түрде жазу (бірақ жарнама емес, ол үшін сізге тауар шығарушы ақша төлеу керек :).)


Көп жазылып аз талқынатын тақырыптар:

1. Адамның арманы (оқылуы көп, талқылану аз)

2. Мерекелерге байланысты тақырыптар (құттықтаудан аспайды)

3. Сіздің ішкі жан дүниеңіз (көбіне қыздар оқиды)

4. Өлеңдер немесе проза (жазылғаны дұрыс, бірақ шегімен)

Блогта көп жазуға болмайтын тақырыптар:

1. Саясат (барлық тд-лар, газет, ақпараттық сайттарда жазып жатқанды көп ешкім блогта оқығысы келмейді)

2. Жаңалықтар (оларды ешкім ашып қарамайды да)

3. Жарнамалық посттар (арнайы тақырыпты талқыламаса сіздің компанияңыз туралы оқитын адам аз, арнайы сол мамандыққа қатысы болмаса)

Алып қосар ойыңыз бар ма? Жаза отырыңыз

Сараптама массагет, керек инфо, айтабер, теріскей, қазжур, ювижен, кконнект сайттары арқылы жүргізілді. Суреттер гуглдан алынған.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s