Ащшы: тойды былай өткізу керек


Өй, сендер той өткізуді білмейсіңдер…  

Ресейліктер ұсынған  «Горько» фильмін көріп отырып жоғарыдағыдай ой келді. Біз қанша дегенмен қалада тұрамыз, көйлек, жүзік, фотограф, той залын таңдау деген бізге қиындық тудырмайды. Бірақ ауылда той жасауды елестетіп көріңізші…

Кішігірім қала әкімінің қызы мен жай қарапайым жігіт үйленбекші болады. Әрине, әкім болып бәрін басқарып қалған әке бәрін өзі жасап қызын риза еткісі келеді, бірақ жалғыз қызының қалауын ескергісі келмейді… Нағыз, біздің жағдайға ұқсас, иә? Бәрін тұрмыс билегені соншалық армандаған тойың басқаша сценарий бойынша іске аса бастайды.


Бірақ, су перісі тақырыбында тойын өткізгісі келетін қалыңдық пен жігіт басқа жақта өздері қалағандай ерекше той жасауға қамданып кетеді. Алайда бәрінің астан-кестені шығып жатыр… 

Қанша биікке ұмтылсаңда өз болмысыңнан, өзің тәрбиеленген ортаң мен ата-анаңнан аттай алмайсың…

Кино адамға позитив сыйлай алады, қызықты өте. Тіпті сценаридің өрбігеніне қарап, соңы не болар екен деген қорқыныш та пайда болады. 

Кино да қарапайым ауыл тойы, қарапайым адамдар, маңызды сәтте сені ұятқа қалдыратын ішімдікке құмар туысқандар жайлы анық көрсетілген. Киноны қарап отырып, қазіргі кезде жоғалып бара жатқан қарапайымдылық пен шынайылықты байқайсың. Білмейм, шынайылық дегенім өзім ауылдық болғасын да сондай бір ауылдық нәрсенің иісі шығып тұрғандай… 

Пы.Сы: Көңіл-күйіңізді көтеріп, күздік депрессиядан айырылып, америкалық нәшәр қалжың кинолардан шаршасаңыз, «Горько» киносына барыңыз дер едім. Рас, мән іздеп, ерекше дүние іздеп емес жәй ғана тойдағыдай көтеріңкі көңіл күйге ие болып қайту үшін… Жәй ғана күліп, көңілді көтеріп қайту үшін киноға барайықшы 🙂 

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s