Виртуал махаббат…


Интернет, адамдарды жақындатпайды. Ол жалғыздықтың жиналуы.

Біз былай қарасаң біргеміз, бірақ бәрібір жалғызбыз. Араласудың елесі, достық елесі, өмір сағымы…

Я.Л.Вишневский

Жалпы бұл тақырып мені интернет әлемімен танысқалы беріп мазалап келе жатқан тақырыптардың бірі. Иа, иа, қазір агент, фейсбук тіпті массагет арқылы да танысып үйленіп жатқан жастар бар. Бірақ, әңгіме ол жайында емес…

Әңгіме кездеспеген жандардың виртуал және телефон махаббаттары жайлы. Үлкен кісілер таңқалып жатады: «не ол вирутал махаббат?» деген деп, дегенмен де ол кісілердің де заманында виртуал махаббат болған ғой. Тек олардың арасында қағаз хат жүрген. Өздеріңіз білетіндей соғыс кезінде көп қыздар соғыстағы жігіттерге хат жазған тек суреттерін жіберіп бір-біріне олардан хабар күткен…. Сағына хат тасушыны күткен, себебі ол өздері асыға күткен үшбу хаттарын алып келетін еді… Ал кейін, жігіт іздеп келіп екеуі қосылып, бақытты жанұя болып кеткендерін талай естіп, талай кинолардан көрдік емес пе??? 

Біздікі тек күнделікіті сөйлесіп, күнделікті жазыса алатыныңмен ерекшеленеді. Иа, қалаған уақытыңда хат жазып, телефонмен сөйлесіп тіпті камерамен сөйлесе аласың. Виртуал махаббаттада шынайы махаббатағыдай оны сезінуге болады. Ойлашы күніне 16-17 сағат қасыңда, не телефонмен тынбай сөйлесесің не тынбай агентте жазысасың. Ол да сенің өміріңе араласа алады, не істеп жатсың қайда барасың, не ұнайды ұнамайды бәрін біледі, тек…. ол сымның ар жағында, ол қасыңда жоқ… Оны қиналған кезіңде оған басыңды сүйей алмайсың хотя сол кезде сені біреу еркелетіп басыңнан сипаса дейсің ғой, сен оны сағынған кезде сүйе алмайсың… 

Иа ол да сені телефон, камера арқылы сүйеді, жұбатады бірақ, бірақ сен одан да көп нәрсені қалайсың… Ұрсысаң да, жек көрсең де ол қасыңда болса… Иа, сен ренжіп қалған кезде артыңнан үндемей еріп келе жатса…. Ашуланған кезіңде көзіңе тіке қарап «сабыр» десе… 

Адаммен миллион рет сөйлескенен бір рет көрген расымен артық… Адам көбіне құлағымен емес, көзімен көріп, жанарымен сүйсініп барып жүргеніне жібереді… 

Ол қасыңда бар сияқты, бірақ алдамшы… Көзіңді жұмғанда қасыңда екенін сезініп, ашқан кезде жоқ екенін байқайсың… 

Соңында сонша уақытыңды сарп еткен жанмен кездеспеуіңде мүмкін… Бәрі жалған… 

Реклама

Виртуал махаббат…: 2 комментария

  1. Айкона, кім туралы айтып отырғаныңызды сезіп отырмын. Мәселе бір адам жайлы ғана емес, мыңдаған жалғыздықтардың интернетте жиналып қалуында болып отыр ғой. Иә, интернет сондай, бір кірсең шықпайсың, бәрін жаныңа жақын көресің, лайк басасың, коммент қалдырасың, поделиться етесің. Сенің сол адамға деген барлық шектеулі/шектеусіз құрметің сонымен аяқталады. Өкінішті! Мұның жанында желілерде күні бойы отыратын адамдармен жүзбе-жүз 1-2 сағат қатар отырып әңгімелесуге ештеңе жетпейді. Шынайылық қымбат қой. Шын өмірде көрсеңіз, бәлкім, ешкімді де ұнатпас па едіңіз немесе виртуально жек көріп жүрген адамымыз реалда кездессек, жақын адамымызға айналар ма еді?! Кім білсін?

  2. *Соңында сонша уақытыңды сарп еткен жанмен кездеспеуіңде мүмкін…

    Мен де сездім әңгіменің төркінін. Қанша уақыт араласып, телефон арқылы тілдесіп жүргеннен кейін, адам бір-біріне бауыр баспай тұрмайды. Дегенмен, екеуара шешілетін мәселе бұл жағдай. Екеуінің біреуі пысықтық таныту керек шығар, қайткенде кездесуге ұмтылу керек деген сияқты. Ұзақ-сонар виртуал байланыстан адам жалығады ғой.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s