Астанаға кете алмай қалған қыз…


Астанаға кетем деген ойдың шынымды айтсам қайдан келгенін білмейм, аяқ асты кеткім келді. Жалпы үлкен қаланың үлкен бір бөлшегі болып жалғыз өмір сүріп еркін болғым келді… Бәрі айтады «маған Астана ұнамайды» деп, ал маған керісінше сол қала өзіне тартады… Суық қалада тоңып, ыстық ауылымды одан да қатты сағынғым келетіндей… 

Жұмыс қарастырып жүрем біраз кісі бізге келе қал деді. Қуандым, барам деп ойладым… Бірақ, болмай қалды мамам мен папамды тастай алмадым…. Біртүрлі іштей ренжідім, ата-ана өкпеледім. Бірақ, мен «добрыймын» солардың айтқанынан тағы қалдым….

Солай, арманмен қоштасып жәй ғана алматылық қыз боп қала бердім… Не үшін сонша қызықтырды Астана? Білмейм, біртүрлі көңілім жабырқаулы боп қала бердім. Ешкімге ренжиде алмайм, жәй ішімдегіні шығарғым келді.. 

Ал сіздің қай қалада тұрғыңыз келер еді?… 

Реклама

Астанаға кете алмай қалған қыз…: Один комментарий

  1. Менің қазір Шымкенттен ешқайда кеткім келмей қалды. Бір жарым жыл бұрын Алматыны тастап кету соншалықты ауыр болған. Есей аға «Ұланға» жұмысқа қал деп айтты, 8-сыныптан бастап армандаған жұмыс еді. Қимадым. «Ұланды», Алматыны, сосын достарды. Іштей кеткім келмеді. Бірақ мамам мен әпкем үшін қайттым. Қанша уақыт Алматы жаққа елеңдеп жүрдім. Жұмыс таппай сандалғанда кетіп қалсам ба екен деген де ой болды бәрін тастап. Бірақ үйдегілерге қарайсың. Сенсіз оларға ас-су батпайтынын түсінесің. Үлкен қала, жайлы жұмыстан гөрі жақын адамдарыңның жанында болған мың мәртебе екенін ойлайсың. Қазір өкінбеймін. Менің бала-шағаларым бұйыртса алматылық, астаналық болады 🙂

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s