Блогердің бір күні немесе орындалмаған жоспар…


Әр тақырып берген кезде ойыңа ерік берген қиын-ақ, соңына жете алмайсың…

«Блогерді не қызықтыруы мүмкін?», «ол қайда барады, не істейді?» немесе «ой іздеген блогер қайда баруы мүмкін?» деген сұрақтарға жауап іздеп көрдім. Мүмкін барлық күнім бұлай өтпеуі, дегенмен «блогер» деген атақ кейде сені ұйықтатпауы мүмкін… Алдарыңызда менің бір күнімнен фото репортаж.

Бүгінгі күнімді әдеттегідей жұмыстан емес, көрмеден бастадым. Кез-келген интернет саласында адам осы көрмеден табылды десе де болады. Биыл екінші рет өтіп отырған Internet Avenue көрмесінің бізге берері көп деп ойлаймын.

 

beibit_46

 Есік алдынан осындай әдемі қыздар күтіп алды. Бірақ, шынымды айтсам осы қыздардың осы көрмедегі міндеттерін түсіне алмадым.

 

beibit_68

 Халықаралық көрме болғандықтан да бәрі жоғарғы дәрежеде болуы керек.

beibit_47DSC_0112

beibit_55DSC_0108

 

 

 

 

 

 

 

 

beibit_78

 Жиналған адамда есеп жоқ, бәрі өзін көрсетіп, өздерін таныстырғысы келеді. Бәрінің түп мақсаты бір: «барынша пайдалы ақпарат алып, өз бәсекелестерінен жоғары болу»

beibit_57 beibit_54 beibit_50 beibit_61

Көрмеге келген көп компания Қазақстандық және Ресейлік компаниялар. Бірақ қазақ тілді бірде-бір сайт не компанияны сіз бұл жерден көре алмайсыз, өкінішті әрине…

beibit_69

Осы кісіні қайдан көріп ем? Күні бойы екеуміздің жолы тоғыса берді…

beibit_70

Конференция мен көрмелердің басты мақсаты- ой алмасу, жаңа идеялармен танысу, өзіңді ұтымды жарнамалау.

DSC_0142

Өзім мына кісілер келеді деген соң барғам, бірақ өкінішке орай келе алмады. Гуглдың қызметкерлері Мария Моева мен Андрей Липатцев. Тікелей көпір жасауға тырысты, бірақ бәрібір адамның алдыңда тұрып түсіндіргенге жетпейді екен…

Есесіне өзім ойламаған, бірақ көп мағлұмат алған Махмутова Дэлияның Яндекс өнімдері туралы жақсы ақпарат ала алдым:


Дэлияның пайдалы ақпаратынан кейін жұмысқа оралдым, кеңсем туралы алдыңғы көктем жазбасынан көрген боларсыздар. Сондықтан ол жаққа тоқтамай-ақ қояйын.

Кешкі ойым Алматының қазіргі жастарының қыдыратын орындарынан көбірек ақпарат беріп, немен айналысатындарынан ақпарат алу болды. Нұрқанат досым екеуміздің жолымыз бірінші Арбат жаққа түсті.

DSC_0179 DSC_0182 DSC_0183 DSC_0188

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл Алматы қаласында биылдыққа өткен алғашқы- ДомбыраПати.

DSC_0264 DSC_0256 DSC_0216 DSC_0208

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басында «бұл не?» деп таңқалып үрке қараған жұрт біздің қатарымызға қалай қосылып кеткендерін өздеріде білмей қалды.

DSC_0267 DSC_0209 DSC_0259 DSC_0186

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДомбыраПати тарқағасын басқа жастардың көңіл көтеретін орындарын іздеуді ары қарай жалғасытырдық…

Ресторан.кз сайтының берген ақпараты бойынша Алматыда: 400 Ресторан, 500 ге жуық кафе, 250 паб-бар, 50 ге жуық түнгі клуб бар. Әрине бұл есеп толық болмауы да мүмкін.

Алматыда районға байланысты кафелердің бағасы, баратын адамдар деңгейі, жасы тіпті киімдеріне дейін белгілі. Мысалы, Райымбек көшесін Алматы қаласының нақ ортасы деп алайық.

Райымбек көшесінен жоғары орналасқан кафелердің бағасы бір адамға шаққан кезде 3000- 30 000 тг арасында болады және бұл аудандағы кафелерге көбіне қалада өскен, оқыған адамдар барады және бұл жердегі кафелердің клубтардың көбіне арнайы дресс кодпен қана кіре аласыз.

5281b1327f6d4

Райымбек көшесінің өзінде орналасқан кафелерге 2000-3000 тг ақшаңыз болса емін-еркін отырып көңіл көтеріп қайтуыңызға болады. Бұл көше ауылдан келген студенттердің ең сүйікті көңіл көтеретін орталықтары болып шықты.

DSC_0279 DSC_0283 DSC_0281 DSC_0280

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мынау Райымбек көшесінде орналасқан бір кафе, қасына барған кезде, тіпті ішінде отырған адамдар бұл жерді тек  кафе деп ойлайды, бірақ сіз астыңғы этажға түсіп көруді сұраңыз немесе «мен клубқа келіп едім» деңіз, сізді ешкім білмейтін жер асты клубына апарады. Арнайы дресс код сұрамаса да спорт кимімен келген адамдарды кіргізбеуге тырысады. Айтпақшы, жасыңыз 21 ден үлкен болуы керек. Бұл жерге әншілердің келетінін де біліп қалдық, тіпті нақтырақ айтсақ бір әншінің жеке иелігінде болуы әбден мүмкін… (тексерілген ақпарат, өкінішке орай ашып айта алмаймын).

c1

Ал, Райымбек көшесінен төмен орналасқандарында 1000- 5000 тг арасында, бұл жерге көбіне әлеуметтік жағдайы орташа, әрі шығыс саздарын жақсы көретін адамдар барады әрі бұл жерге спорттық киіммен келсеңізде сізге ешкім «кимің бізге жарамайды» деп айта алмайды. Тіпті айна алдына тұрып өзіңіз билесеңізде сізге ешкім таңқалмайды. Әрі бұл жерден қыздарды қалаған уақытыңызға «сатып» алуға болады. Әрине, біз құсап даяшылардан сұрамай, би алаңына шығып ниетіңізді білдірсеңіз қыздар өзі келеді. Қасымыздағы ағалар ұқсап, сусын алып беріп қойсаңыздар да болады…

IMG-20140425-WA0008 IMG-20140425-WA0011

  Кейбір кафелерде мынандай ескерту қағаздары ілініп тұр, «шайкаларға жол жоқ!» дегенді білдіреді.

IMG-20140425-WA0009

Барлық кафелердің кіре берісінде мынандай ойын автоматтары күтіп тұр, «билей алмайтын болсаңыз, қызбен таныса алмасаңыз сізге осы ойнаудан басқа амал жоқ» деп тұрғандай. Бұл ойын автоматтарына жатпайтын түрлері болса да, құмар ойындардың бастауы екенін естен шығармаған дұрыс сияқты.

20140425_003914

Мақсат- барынша жастар аралайтын жерлерге бару болатын, өкінішке орай уақыттың жоқтығы әрі әр кафе қожайыны мен админстраторларының әр ескертуінен ештеме түсіре алмадым, сондықтан мақсатым 100% орындалмады.

Бүгінгі күнім түнгі 2 де аяқталды. Біраз клубтар мен кафелердің админстраторларын танып қалдым, келесі де барсам кіргізбей қоятын шығар… 🙂

Реклама

Блогердің бір күні немесе орындалмаған жоспар…: 2 комментария

  1. Бірінші фотодағы қызды Жаңылай деп қалдым басында ))

    Алматыда неше жыл жүріп бір рет те түнгі клубқа барып көрмеппін. Негізі маған кафе/түнгі клубтардың жертөледе орналасқаны, шығатын/кіретін есік тек біреу ғана болғаны қатты алаңдатады. Оқыс оқиға орын алса, адамдарды тез шығару қиынның қиыны болып кететін сияқты.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s