Мен жайлы 30 дерек


Мен жайлы 30 дерек

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, адамдарға басқа адамдардың өмірі, олардың қарым-қатынасы, эмоциялары, тамақтану, киімдері, ақшалары жайлы факторлар өте қызықты екен. Сондықтанда, жұлдыздар туралы жазылған аздаған жаңалық адамның денсаулығына маңызды жаңалықтан 5 есе көп оқылып, талқыланады екен.

Сонымен сіз білмейтін мен жайлы 30 дерек (мені фейсубкта, инстаграмда оқитындар болса, таныс сөздер кездесуі мүмкін):

1. Бір нәрсе жасау үшін ұзақ ойлансам ол іс бітпей қалады не бастамай жатып оны құрта саламын, сондықтан да спонтанна ойыма келген нәрсені бірден істеп тастағанды ұнатам сонда ол ісім өнімді болады.

2. Мен Нарынқолдықпын және оны мақтан етемін.

3. Ауылға деген махаббатым ерекше, әлі де ауылға кеткім кеп тұрады. Ауылды қатты сағынып жүрмін, мамамдардың ауылдан көшуі мен үшін қиын тиді.

4. Политехты геология мамандығы бойынша бітіргенмін, бірақ қазір интернет-байланыс саласында қызметтемін.

5. Бес жылдай геолог болып істегем, бірақ интернет саласы тым қызықты боп кетіп сонда кетіп қалдым. Қазір геологтармен мүлдем араласпаймын.

6. Елдер мен жайлы, менің қандай екенім жайлы көп білеміз деп ойлайды, шындығында олай емес. Тіпті өзім білмеймін қандай екенімді. 

7. 7 жылдан асты блог жүргізіп жүргеніме. Әлі жалыққан емеспін. Өзіме ұнайды. 

8. neke.kz сайтының админімін, осы сайтты қолға алғаным үшін өзімді мақтап қоям ))).

9. Ойымда не тұр соны айта саламын, бірақ артынан «дұрыс болмады-ау» деп өкініп жүремін. 

10. Көп кешірім сұраймын, адамдардың көңіліне қарап қалғанмын, солым үшін ылғи опық жеп жүрем. 

11. Тез ғашық болып тез ұмыта саламын. Жалпы күйеуге ерте шыққан дұрыс деген көз-қарасты дұрыс деп өзіме қалыптастырып келем. 

12. Діншіл емеспін, бірақ Аллаға сенемін, ораза ұстаймын.

13. Көп қиялдаймын бірақ аз әрекет жасаймын. Өз қиялдарымнан жалығып кетем кейде.

14. Пысық боп көрінем бірақ тым еріншекпін, сөзім көп. 

15. Етті тағамдарды жақсы көрем, ет болмаса бірінші өліп қалатын шығармын деп ойлаймын. 

16. Киноманмын, фэнтези мен романтикалық фильмдерді ұнатамын. Осы айда интернет трафигімді тек сериалдарды қарауға жұмсадым. Депрессиядан кино көру арқылы шығамын. Дәл қазір «Сплетница» сериалын қайта қарап жүрмін. 

17. Саясат жайлы ойламауға тырысамын, онымен айналысқым келмейді. Менің саясатмен айналысуым өте қауіпті деп санайтын мен ғана емес. 

18. Тез ашуланамын тез басыламын және ұрысқақпын. Ішімдегі нәрсе біткенше ұрса беруге дайынмын. Бірақ, артынан түк болмағандай сөйлесе бере алам. 

19. Өзімдікін дұрыс санаймын, айтқан пікірлерді ескерсем де бәрібір өзімнің айтқанымды жасаймын.

20. Адамдарға көп ренжімеуге тырысам, ренжісем қайтып мүлде сөйлеспеуге бармын ол адаммен. 

21.»Ертең басқа жақсы күн келеді» деп сабырға келем. 

22. Өз бизнесімді ашқым келеді, жоспары, жобасы бар тек менің іске кірісушілігім жоқ.

23. Жарымның менен мықты болғанын қалаймын, бағынышты жар болғым келеді, ал ол үшін оның «тиран» болу керектігін мойындағым келмейді.

24. Адамдардан батылдық пен шыншылдықды жоғары бағалаймын, егер өтірік айтқанын көрсем ол адамға қайта сенуім қиын. 

25. Өзім атын естіп көрмеген тамағым болмаса өмірі жемеймін. 

26. Адамдарды керемет түсініп қоям деп ойлаймын, жалпы адамдардың әрекеттерін бақылаған ұнайды. 

27. Ешқандай адамға табынбаймын, ешкімді идеал санамаймын. Себебі бәрінің бір кемшілігін көріп тұрам, расымен сол кемшілігі бар екені расталады. 

28. Қандай жағдай болмасын өз қалауымнан әке-шешемнің қалауын жоғары қоям, бірақ жеке өміріме ол кісілерді араластырып көрмеппін. 

29. Проблемаларымды өзім шешкенді ұнатам, жалпы біреудің көмегіне жүгінген ұнай бермейді. Мамам араласқысы келеді, бірақ ол кісіге жеткізбей шешіп тастауға тырысамын. 

30. Қатты еркемін, ата-анамның қасында өзімді әлі бала сияқты ұстаймын және бұл оларға ұнайтынын байқаймын. Бірақ… 

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s