Ешкім оқымаса…


Ешкім менің постарымды оқымаса деген ой келеді, себебі олар менің ішкі жан-дүниемді түсінбейді ғой… Тығылып жазғым келеді, мені танитын адамдардың бетіне қарауға ұялатын сияқтымын кейбір жазбаларыма… Біреу үшін олар «тым арзан» жазба…

Қанша уақыт ойсыз өмір сүрдім, білмеймін.  Дым ойламадым, ойланып бара жатсам ұйықтап қалуға тырыстым. Өзімнен, өмірден тығылғым келді. Сыртқы бейнеме мән бермедім, өзіме есеп бермедім. Мінезімді де қадағаламадым. Алға да ұмтылмадым, бір орнымда уақыттың тез өткенін қаладым. Бәрі ақыл айтты, тыңдамадым. Бәрібір дедім. Өзім үшін өтірік ақталу ойлап таптым…

Бәріне себеп — жолымның болмағаны. Қанша нәрсеге, қанша адамға, қанша биікке ұмтылдым. Бірақ ешқайсы мен күткендей нәтиже бермеді. Ылғи жолдың соңында жалғыз қалып қалдым. Егер маған өзіңнің дәл қазіргі күйіңді сипатташы десе жолдың ортасында қасында ешкімі жоқ тізесін құшақтаған қыз елестер еді…

Жоғарыдағы жазбаның қашан жазылғаны белгісіз, қазір көктем өзгеріс енгізді. Бәрі жақсы, мені уайымдамаңыздар :). Хотя, ешкім оқымаса деген үміт әлі бар…

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s