Сайтқа байланысты сұрақтар 2: мезі еткен сұрақтар

— біз неге гуглда мына сөз бойынша бірінші емеспіз?

— ол енді бір күнде шықпайды ғой

— ештеме білмеймін, біз бірінші болмасақта бірінші бетте тұруымыз керек!

— мен гуглда істемеймін ғой

— онда сіз дұрыс жұмыс жасамайсыз..

Читать далее Сайтқа байланысты сұрақтар 2: мезі еткен сұрақтар

Алматыдағы жер сілкінісі не афтершок.

     Өздеріңіз оқып-біліп жатқандай 1- мамыр күні алматы облысындағы жер сілкінісі біраз дүрбелең туғызды.  Геологияны жағалап жүрген соң біраз түсінкітеме бере кетсем деген ой келді.

Сол күні 23:30 да Алматы каналында пресс-конференцияда жердің қайта-қайта, арасына біраз уақыт салып сілкінуін жапонияда болған жер сілкінісінен қалған афтершок деп түсіндірді.

Сонымен, афтершок дегеніміз — біраз уақыт аралығында қайталанып отыратын сейсмикалық толқындар, басты сейсмикалық дүмпуден қарқыны төмен қайталанып отыратын толқындар жиыны.  Уақыт өте келе олардың жиілігі, күштілігі азаюуы мүмкін. Сонымен қатар оның қанша уақытқа созылатынында нақты кесіп айтуға болмайды, бұл дегеніміз жер дүмпуі айлап тіпті жылдап сөзылуы мүмкін. Яғни уақыт өте келе қайталынып тұруы мүмкін.

Дегенмен, қатты қорқудың қажеті жоқ. Ақпарат мына жерден алынып, аударылды.

Геологтар мейрамдарыңызбен немесе бүгінгі күн…

Бүгінгі күнге қуаныштымын.

Себебі жаңбыр алдындағы беймазалықты көрсеңіз ғой… Ішім де солай беймаза күйде. Бірақ, көңілім сондай көтеріңкі.  Бір жағынан геологтар күні дегендей. Барлық геологтарды мейрамдарымен құттықтаймын! Бәріне табыс, жақсы жұмыс, жақсы компания, көп заказ, көп командировка тілеймін! 🙂 Бұның бәрі геологтардың басындағы жағдай ғой.

Читать далее Геологтар мейрамдарыңызбен немесе бүгінгі күн…

Жапониядағы жер дүмпуінен кейін (геологтық көз-қарас)

11 наурызда болған Жапониядағы 8,9 балдық жер сілкінісі Жапонияға ғана емес планетамызға үлкен өзгерістер әкелгенге ұқсайды шетелдік зеттеушілерге сенсек. Біраз сайттарды қарап отырып геологиялық тұрғыдан жердің өзгеріске ұшырағанын байқап қалдым. Бұл өзгерістер ауа-райына да көп әсерін тигізуі мүмкін. Бұған басты себеп жердің айналу осінің 10-15 см ге жылжуы болып тұр.  Жердің осі дегеніміз- жердің массасына қарай тепе-теңдікті ұстап тұратын ось сызығы.

Зерттеушілердің айтуынша күн 1,6-1,8  микросекундқа қысқарған және планетамыз жылдам айналатын болған. Жердің айналу жылдамдығы жиі-жиі өзгеріп отыр, оған тек жер сілкінісінің ғана емес атмосфералық желдің және мұхит ағысының да үлкен әсері бар дейді.

Тағы да басқа ақпарат көздерінде  мындай мәліметті оқып қалдым. Жапониядағы жер сілкінісі Мұзды кезеңнің келуін жақындата түсуі мүмкін дейді.  Себебі Тынық мұхитының түбіндегі тектоникалық плитада  400 км ге жуық жарық пайда болған. Осы себепті де күн қысқарып, жер айналу осінен тайған деген болжам бар.

Дегенменде әр жақтың ғалымдары әр түрлі болжам айтуда, нақтысы: күннің қысқаруы, жердің айналу осінің өзгергені соған байланысты ауа-райының өзгеруі.

Ақпараттар мына, мына, мына сайттардан аударылды.

:(

Қызық иә осы бір нәрсеге қол жеткізгеннен соң біреу ол туралы жаман айтса кәдімгідей өзіңді төмен санап қаласың.
3 ай демалыстан соң тұрған жұмысыма ырза боп жүргем. Центрда, үйге де жақын, өзім үйреніп қалған программалар, бастысы интернеті бар дегендей. 🙂
Бүгін бұрын осы жерде істеген бала келді. Сөйтсем ол өзімнің курстасым екен. Ал жұмыс қалай мына жерде сұрағаным ды қайтейін қайғыға батырып кетті 🙂 Сонымен аузым аңқайып отырмын…

Мамандық…


Менің мамандығыма деген қызығушылықтар көп болып жатқан соң, біраз ақпарат жаза кетейін деп ем.
Мен бала күнімде «геолог» мамандығын білмейтінмін. Тек 7 сынып оқып жүргенде Қ.И. Сәтпаев атамыз туралы шығарма жазғанмын. Сонда соңында: «Қаныш ата сияқты болғым келеді»,- деп аяқтаған екенмін. І.Есенберлин атада геологияны бітірген.
Кейін физикаға қызығып «физик» болам дейтінмін. Бірақ 11- ді бітірген соң мұғалімдіктің қолымнан келмейтінін түсіндім. Негізінен политехқа мен корпусы ұнағаннан соң келгенмін :).
Қазір сонымен, геолог мамндығының бір шетінде жүрмін, зерттеу жағында. Айтпақшы қазір бұрынғыдай геологтар жер кезіп тас жинамайды :). Себебі, нақты қай жерде не бары зерттеліп қойылған (совет өкіметі бәрін біліп қойған ғой). Қазір тек нақты барлау жүргізіледі және оны қалай оңай өндіру қарастырылады.
Геология деген жалпылама атау. Геология 20 шақты бөлімге бөлінеді. Әр түрлі жерге қатысты мамандықтар жиынтығы.
Егер геология жайында толық білгіңіз келсе  мына жерден және мына сайттардын біле аласыздар.