Конференциялардан не үйренуге болады?

Қазір Алматы болсын, Астана болсын, Атырау болсын бар қалаларда ар мамандыққа қатыстыты конференциялар жиі болып тұрады. Бармаған адамдардар кейде осы көп конференцияның пайдасы не деп те жатады, сондықтан да конференция мен көрмеген көп барған адам ретінде өз ойыммен бөліссем деп ем… 

Құрметті жігіттер мерекелеріңізбен!

Ертеңгі 7- мамыр отан қорғаушылардың күнімен құттықтаймын СІЗДЕРДІ!

 

Читать далее Құрметті жігіттер мерекелеріңізбен!

15- сәуір ғашықтар күні!

Бүгін 15- сәуір білесіздер. алдында осы күнді ҒАШЫҚТАР КҮНІ қылып белгілегенін.

Сонымен, өзіміздің қазақша ғашықтар күнімізді кереметтей ғып атап өтейікші. 14- ақпанның әсерінен құтылып, осы күнді өзімізге мейрам күні қылайық. Басында өз мейрамымыз жоқ деп едік, енді белгілі дата берілген соң 14- ақпанмен санасы уланғандардан да кереметтей қылып тойлайық та.

Читать далее 15- сәуір ғашықтар күні!

Жаңбыр алдындағы беймазалық…

Жаңбыр алдындағы беймазалықты ұнатам….

Бір кісіден :
Ойыңды жалғайын:  Жаңбыр алдындағы беймазалықты ұнатам, тып-тынық, бұлттар қойюлана түсіп аспаннан төмен түсіп жер бауырлайт. Қазір жел соғат, дауылға айналады біраз қалды… Аспанда ұшқан құстардан тазаланды… Табиғат бір мінезін қазір көрсетеді, түсінесің сол кезде бар екенін жаратушы күштің. Ауа суып кетті, тоңази бастадың. Кең  дем аласың…

:
бәрі құрысын ішімдегі бұлқыныстар шығады ғой шығады…. терең дем алып қуанам ғой… Жұпар иісті айтсаңызшы, жұпар иісті… Мұрнымды жарып, мұрнымды жарып дем алдыратын… кейбір мұңайған сәттерімді еске салады ғой… тығылып сол жаңбыр мен жанарымда жылағысы келер еді… жоқ-жоқ онсызда аспан жылап жатыр өтініш менде қосылып жыламай-ақ қояйыншы….
(18:39) :
Бар ма екен жер жүзінде жаңбыр тамшысы тамбаған? Бар. Бар ма онда жыламаған адам, жоқ. Жылап дүниеге келет адам. Жылаған сенің жүрегің тірі. Тіршілік иесі ғана жарата алат тірі жанды. Жыладым деп өкінбе. Өмір жалғасы бар. Еске түсір бар жаңбырдан басқа жел, тас, су, кок аспан…

(18:41) :
әдемілік ай, әдемілік… осы сәтті біреумен бөліскің келеді…. ешкім жоқ… бәрі асығып кетіп бара жатыр… сен ғана жол ортасында қол шатырың жоқ тұрсың… оны іздейсің ол жоқ…. себебі бұл күй тек сенің ғана күйің… сенің беймазалығың…. сенің әлемің….

су болған көлегіңнен жаңбыр ағады сауғалап төмен, жалғайсың көкті (аспанды) жер анамен. Сенің әлемің  бір тұтас табиғат анамен…. Көзіңді жұмсаң бір сәт, көзалдыңа елес келеді… Ақ көйлек киген ер адам жалаң аяқ жаңбыр астында атын жетектеп келеді…  Көзіңді ашсаң алдыңа әлгі ер адам қол шатырын жоғары көтеріп саған келе жатыр. Міне жылы алақан беліңе түсті, сен оның  көзіне қарадың. Қадамдарыңды бір басып жолдарыңды жалғастырдыңдар.
(18:55) :
Жүрек іздегенін тапты….

Табиғат ана көмектесіп жіберді….

 

Өмірде қиялдағыдай болса ғой …………….

Демалыс.

Жақын арада өтіп кеткен, келер мейрамдар көңілге қуаншы орнатады. Себебі демалыс күндер көп болады және күн жылыған соң далада, табиғат аясында демалуға мүмкіндік бар.

Алдында 8- март күні үйде отыра бергенше деп қыдыратын жер іздедік. Бірінші бағыт Maxima-ға жол тарттық. Кинотеатр, тамақ ішетін орын, шоппинг, каток+ролик, боулинг,тауға өрмелеу, балалар алаңы, Стаут бар дегендей… Шынымда айтсам бүкіл Алматы сол жерде жүргендей әсер алдым :). Киноларға билет жоқ, супермаркетте ішетін сусын, шоколад, сағыз жоқ. Ролик тебетін жерде қырғын өшірет…  әйтеуір өшіреттен қырылып жатып билет алдық: 30 минуты -200 теңге, 60 минуты- 300 теңге. Бұрын бір рет тепкенім болмаса, қатты тебе алмаймын қасымдағы кісілердің көңілін қалдырмау үшін аяғыма роликты ілдім. 1-2 рет құлапта алдым. Дегенмен еш жерім ауырмады 🙂

Кеше блоггер қыздар караокемен ән салып қалай болады деген оймен WOW- караоке барға бардық. Өте ұнады ән айту, даусым жоқ болсады біраз айғайлап келдім :). Бағасы: кішкене залдар (6 адам емін-еркін сияды, бірақ микрофон 2.)- сағатына 2 000 теңге, ал үлкен залдар сағаты- 3 мың теңге. Бұл жерде енді тамақ аздап қымбаттау. Бірақ тамақ алмай-ақ сусын ғана алып отырсаңыздар болады.

мұның бәрін қыдыратын жер іздесеңіздер бағасын және қай жерде не бар екенін біліп жүрсін деп жатырмын. Урра, күн жылыса тауға шығамыз. 🙂

Көктемнің алғашқы күнімен!!!

Бүгін 1- наурыз! Көктемнің алғашқы күні! Бәрлеріңізді көктемнің алғашқы күнімен құттықтаймын!!!

Көктемдей құлпырып, жайнап жүре беріңіздер!

Читать далее Көктемнің алғашқы күнімен!!!

Көтерген шаңырақтарың биік болсын!


Мен үшін жақсы дос бола білген, ренжісем де (түсінбегендіктерімді кешірген) мені әрқашан қолдай білгем достарымды құттықтағым келеді. Есбол маған дос қана емес ағам сияқты да боп кетті.
Менің досымды сіздердің біраздарыңыз білетін шығарсыздар. 🙂 Негізі жұбайында білесіздер. Олар казах ру сайтынының белгілі майталмандары десем де болады. Еске мен Айнур АЛБ ны танитындар біраз шығар арамызда.
20- күні тойлары болып өткен достарыма тілекті тойға барып айта алмадым. Әкем жол алшақтығына байланысты жібермеді. Дегенмен өкпелемейді деген үміттемін.

Есбол+ Айнур, сендерді заңды некелеріңмен құттықтаймын! Көтерген шаңырақтарың биік болсын! Әрқашанда сол шаңырақтарыңның іші қуанышқа, бақытқа, жақсылыққа, сәбиге толы болсын! Тек қана бақытты болыңдаршы! Мен екеуіңнің бақытты болатындарыңа сенем, себебі екеуің де бір-біріңді сүйесіңдер. Армандаған арман әрқашанда ол — бақыт. Сондықтан да сол бақыт екеуіңнің қолдарыңа қонды, енді оны одан ары аялап ұстайды деген сенімдемін. Махаббаттарың одан ары қатты ыстық, сенімдерің одан ары берік бола берсін! Көңілдеріңе кірбің түспей әрқашан осындай мықты, қайратты, қуанышқа толы жүздеріңде көріп жүре берейін!
Есбол саған досытығың үшін көп рақмет! Әрқашан бақытты бол! Мені ұмытып кетпеңдер. Баяғыда армандаушы едік қой үшеуміз бірге тұрамыз деп 🙂 Айтпақшы енді маған жезде болдың ғо сен. Жақын арада барып, жезделеп ойнайм ғой. Әрқашан біздерді бақытты күндерде жүздестіргей аллам!!!