Өмірін мектепке арнаған ұстаз

КСРО, Қазақ ССР-і оқу-ағарту істерінің үздігі Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мұғалім Құлмұханбетов Жүнісхан Мәлікаждарұлы туралы

Читать далее Өмірін мектепке арнаған ұстаз

Өнегелі ғұмыр

Алматы облысы Нарынқол ауданы Шәлкөде өңірінен шыққан алғашқы ұстаз, халық жауы атанған Құлмұханбетов Мәлікаждардың өмірбаяны.

Читать далее Өнегелі ғұмыр

Мұқағалидың тойына қалай барам?

Алдыңғы мына, мына жазбаларымнан кейін почтама, жеке бетшелеріме тойға қалай баруға болады деген сұрақтар келіп жатыр. Сол сұрақтарға жауап:

Алматы қаласынан «Саяхат» автобекетінен Нарынқолға қарай таксилер жүретін жағынан Қошқар, Шалкөде, Қарасаз бағытындағы таксилерге отырасыздар. Жол құны негізі 2000 теңге, мүмкін өсіп кетуде. Сол күні тойға байланысты автобустар шығуы мүмкін, автобустар бағасын нақты білмеймін. 2000 ға жетпейтін баға қоятын шығар. Айтпақшы саяхатқа таңғы 7 ден келіңіз.  Тойға 29- шілде күні шықсаңыздар да болады, ашылуы сағат 15 00  де деген, содан кейін бағдарламада жазылғандай мұражай ашылуы, жыр сайысы, мүшәйра, ғылыми конференция болады.  Сағат 20 00  де гала- концерт. 30- шілде күні Шалкөде жайлауында той басталады, ол жақта бәйге, қойылым, той дастарқаны жайылған киіз үйлер болады.

Сонымен, тойда кездескенше Алаш жұрты! Егер жол қиындықтары шығып жатса хабарласыңыздар, жол сілтеуге дайынмын 🙂

Мұқағали Мақатаевтың 29-30 шілдеде өтетін тойының бағдарламасы

Үстіміздегі жылдың 29 – 30 шілде күндері Алматы облысы Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шаралар өтеді.

Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде Мұ­қа­ғали мерейтойына арналған әдеби-көпшілік ша­ра­лар мен ғылыми-танымдық конференциялар ұйым­дас­тырылуда. Ал ақынның туған ауылында кеңінен атап өтілмек негізгі тойының бағдарламасында төмен­де­гідей іс-шараларды жүзеге асыру көзделген:

Райымбек батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қою;

• М. Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерден рес­пуб­ликалық «Жырлайды жүрек» байқауының, ақын­ның өлеңдерін оқудан өнер көрсеткен жеңімпаз ба­ла­лар­дың концерттік бағдарламасы;

• М.Мақатаев ескерткіші мен мемориалды му­зейі­нің салтанатты ашылуы;

• Қарасаз ауылдық мәдениет үйінде М. Мақатаевтың ту­­ғанына 80 жыл толуына арналған ғылыми кон­фе­рен­­ция;

• «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін!» атты жазба ақын­дардың республикалық жыр мүшәйрасы;

• Орталық алаңда «Жырлайды жүрек« атты М. Ма­қа­таевтың сөзіне жазылған әндерден мерекелік кон­церт;

• Шалкөде жайлауында мерейтойдың салтанатты ашылуы;

• Театрландырылған қойылым және мерекелік Гала-концерт;

• Мұқағалиға арнап ас беру;

• Ат спорты түрлерінен жарыс;

• Жиынды қорытындылап, қонақтарды шығарып салу.

Қазақтың қара өлеңінің тойына асығыңыздар, қадірлі Алаш жұрты.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Ақпар мына жерден алынды.  

29-30 маусым Мұқағали Мақатаевтың 80- жылдығы өтетін орын

Мұқағали Мақатаевтың 80- жылдығына арналған үлкен той Алматы облысы, Райымбек ауданы Шалкөде ауылына қарасты Шалкөде жайлауында өтеді.


Картада көріп отырғандарыңыздай Шалкөде жайлауы Қарасаз ауылы мен Шалкөде ауылына жақын орналасқан. Бұл жерге тойға арналған киіз үйлер тігіледі. Қазақтың тойы қазақтың жазығында аталынып өтетін үлкен той болмақ.
Уау, ағайын тойға шақырамыз. Келіңіздер, көріңіздер.

Мен «халық жауының» ұрпағымын…

Әкенің сөзі ұлағат,
Оқыған табар қанағат.
Жүруге сақтап мәңгілік,
Ұрпаққа еттім аманат.

31- мамыр саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу күні. Әрине, біз үшін тарихтың бір беттері сияқты болып көрінер. Бірақ, адам төзгісіз қиындықты өткерген ата- бабаларымызға таң қалам.
Сол кездегі сталиндік репрессияның 70 мыңға жуық көзі ашық, зиялы қауымы атылып, айдауға түсіп, Сібірге жер аударылып кетті. Кеңес Одағының солақай саясаты бойынша, отарланған ұлттың бас көтере алмай, құлақкесті құл болуы үшін, көзі ашық, саналы азаматтарының барлығы да қуғынға түскен. Кейіннен көбі ақталды, бірақ сол кезде кеткен көзі ашық жандардың орны ешқашан толмайды.

Әрине, сіздер мына тақырыбы нес деп отырған боларсыздар. Иә, мен «халық жауының» ұрпағымын. Әкемнің атасы Мәлікаждар Құлмұханбетұлы 1937 «халық жауы» деген желеумен Сібірге айдалып кеткен.
Бабам 1900 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келген. Атам өте жуас, білімге құштар адам болыпты. Ауыл молдасынан білім алған атам, өз білімін ары қарай өздігінен толтырады. 1923 жылы атам өзі тұратын Қолтық  сайында алғашқы мектеп ашады. Елдің шежіресін жинап, жаттап соны өзі кітапқа тізіп жазып жүреді екен. Құбылмалы заманда бабамның шежіресі, жазған жазбалары жоғалып кетеді. Содан 1937 жылы Сталин бастаған өкімет сонау Мәскеуден ғана емес, елдің айғайласаң дауысың жетпес Шолақтанда «халық жауларын» тауыпты. Белгілі бір «үш» әріптің көздеуінше атам өзі оқытқан жиырма шәкірті, әртүрлі шаруашылық саласындағы мамандармен бірге сотталып кетеді. Сонда тағылған басты жала Ораз Жандосовтың сыбайласы, тілектесі деп ұстап кетеді. Әкесі үшін бала жауапты деп айтылған сөздер тек жаңғырық болып қалады, себебі артында қалған ұлдарын «халық жауының» балдарының пионер болуға қақысы жоқ деп атамды мектептен шығарып тастайды. Атам басқа ауылға барып оқып, білім алады. Көп қудалауға түседі. Бабамнан 3 ұл 4 қыз қалады. Олар қанша қиыншылық көрседе, білім алуға талпынады. Тек ауылдық мектептермен шектелмей институттарды да тамамдайды.
Бабам Сібірден балаларына хат жазып тұрады, әр жазған хаты өлең екен. Сондай бір өлеңінен үзінді:
Басымнан өмір бойы арылмайтын,
Туысқан жапсырды ғой нақақ жала.
Көре алмай жақсы жұмыс, тұрмысымды.
Жаламен ақ ісімді етті қара.
Ойласам нақақ бүйтіп күйгенімді,
Басымды көтерпейді қайғы жаңа,
Өмірім қорлықпенен өте ме деп,
Кетеді іші-сыртым оттай жана.
Көрермін олай болмас балаларды,
Сағынған іні менен ағаларды
Ақиқат болар ісім тексеріліп,
Үкімет ақ, қараны сараларды. 13.03.1953жыл; сонда үкімет атамның ақтығын 16 жыл тексереді. 1954 жылы бабам елге оралады. Бірақ әбден қажыған, Сібірден арқалап келген ауруы балаларының қасында бір жыл ғана өмір сүруге мұрсат береді. Әкесі қайтып келген күннен бастап атам күнделік жүргізеді. Әкесінің оралғанына қуанған атам, әр сәтті есіне сақтағысы келеді. Әкесіз өткен әр жыл атам үшін қияметтің көпірі еді.
Бірақ тағдыр сындырмай, қайта жігерін қайраған атам Жүнісхан Мәлікаждарұлын біздің аудан бойынша КСРО ның, Қазақ ССР нің, ҚР ның еңбегі сіңген ұстаз атағына жеткізеді.
Әкесінен алған өсиеті бойынша Албан ұрпағынан тараған Қожбанбет руының шежіресін жазып ұрпағына таратады. 1997 жылы бабам ақталады, сол кезде ас беріліп, біздің ауылдан айдауға кеткен кісілердің құрметіне ескерткіш тақта қойылды.

Міне, солай мен «халық жауының» ұрпағымын. Оны мақтан тұтам. Себебі осыншама қиыншылықты көрседе артында қалған ұрпағына мақтаныш болатындай бабаларымның болғанына. Сіздер мәңгі біздің санамызда, жүрегіміздесіздер.Өткенің санаңда болмай, болашаққа қадам басуың тарихта орныңның жоқтығын көрсетеді дейді. Сондықтан тарихымызды қастерлейік.
Атам жайлы естелігімді кейінірек жазамын. Өйткені өзім көрген, мейірімін сезініп, тәрбиесін алып өстім ғой.

Таныс болып жүріңіз…

Кейінгі кезде өзіме өлеңдері ұнап жүрген жерлесіммен сіздерді таныстырып қояйын.

Еркебұлан ТОЛҚЫНОВ, Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген.

Алматы облысы әкімінің жастар сыйлығының лауреаты. 2008 жылы «Мұң күмбірі» жыр жинағы жарық көрген.

Читать далее Таныс болып жүріңіз…