12 Маусым, 2011 12:08 Алма арасанда.

Алма арасанда демалыс.

Реклама

28-29 мамыр- қызыққа толы күндер

Бүгінгі екі күнгі демалысымда қайда барарымды білмей басым дал болды :). Себебі осы күндері Алматы қаласында мәдени шаралар көп ұйымдастырылыпты. Сонымен:

Читать далее 28-29 мамыр- қызыққа толы күндер

Ыстық су демалыс орындары.

Алдында уаде бергендей енді өзімнің демалған жерлерім туралы ақпарат беріп тұрам деп ем ғой. Міне уадем :). Негізі алдында сәуірдің аяғында барғам. Әне жазам, міне жазам деп қол тимеді.
Ыстық су (горячие источники)Алматы облысы Шонжы (Ұйғыр ауданы) маңайында көптеп кездеседі. Себебі ол жер теңіз деңгейінен төмен орналысқан. Негізінен аяқ-қол сырқырағанға жақсы дейді.
Сомен, Шонжы-Құлжат бағытындағы трассамен 100 км жүрсеңіз ыстық су демалыс орныдарына тап боласыз. Ол жерде скважина қазып, бассейн салып адамдар кәдімгідей бизнес жасап алған.

Читать далее Ыстық су демалыс орындары.

Демалыс.

Жақын арада өтіп кеткен, келер мейрамдар көңілге қуаншы орнатады. Себебі демалыс күндер көп болады және күн жылыған соң далада, табиғат аясында демалуға мүмкіндік бар.

Алдында 8- март күні үйде отыра бергенше деп қыдыратын жер іздедік. Бірінші бағыт Maxima-ға жол тарттық. Кинотеатр, тамақ ішетін орын, шоппинг, каток+ролик, боулинг,тауға өрмелеу, балалар алаңы, Стаут бар дегендей… Шынымда айтсам бүкіл Алматы сол жерде жүргендей әсер алдым :). Киноларға билет жоқ, супермаркетте ішетін сусын, шоколад, сағыз жоқ. Ролик тебетін жерде қырғын өшірет…  әйтеуір өшіреттен қырылып жатып билет алдық: 30 минуты -200 теңге, 60 минуты- 300 теңге. Бұрын бір рет тепкенім болмаса, қатты тебе алмаймын қасымдағы кісілердің көңілін қалдырмау үшін аяғыма роликты ілдім. 1-2 рет құлапта алдым. Дегенмен еш жерім ауырмады 🙂

Кеше блоггер қыздар караокемен ән салып қалай болады деген оймен WOW- караоке барға бардық. Өте ұнады ән айту, даусым жоқ болсады біраз айғайлап келдім :). Бағасы: кішкене залдар (6 адам емін-еркін сияды, бірақ микрофон 2.)- сағатына 2 000 теңге, ал үлкен залдар сағаты- 3 мың теңге. Бұл жерде енді тамақ аздап қымбаттау. Бірақ тамақ алмай-ақ сусын ғана алып отырсаңыздар болады.

мұның бәрін қыдыратын жер іздесеңіздер бағасын және қай жерде не бар екенін біліп жүрсін деп жатырмын. Урра, күн жылыса тауға шығамыз. 🙂