Ыстық су демалыс орындары.


Алдында уаде бергендей енді өзімнің демалған жерлерім туралы ақпарат беріп тұрам деп ем ғой. Міне уадем :). Негізі алдында сәуірдің аяғында барғам. Әне жазам, міне жазам деп қол тимеді.
Ыстық су (горячие источники)Алматы облысы Шонжы (Ұйғыр ауданы) маңайында көптеп кездеседі. Себебі ол жер теңіз деңгейінен төмен орналысқан. Негізінен аяқ-қол сырқырағанға жақсы дейді.
Сомен, Шонжы-Құлжат бағытындағы трассамен 100 км жүрсеңіз ыстық су демалыс орныдарына тап боласыз. Ол жерде скважина қазып, бассейн салып адамдар кәдімгідей бизнес жасап алған.

Демалыс орындарының құны адам басына, сервиске байланысты күніне 1500 нан 5000 теңге ге дейін. Бұның ішіне бассейн, жатын бөлме, душ кіреді. Ал жәй бассейнге түсіп қайтам десеңіз 300 теңге. Тамақ өзіңізден.
Негізі бұл жаққа көбіне көктемде, күзде барған дұрыс. Жазда да баруға болады, бірақ шыбын, маса кешке тыным бермейді + күн ыстықта ыстық суға қатырып түсе алмайсың дегендей.
Мынау біз барып тұратын жердің суреттері. Сервис жақсы, керемет дей алмаймын. Ең жақсысы бұл жер тыныш, адам өте көп болмайды.

Бұл жақта суық су таппайсың. Душтарында да тек ыстық су ағып тұрады, шай қоятын суда сондай. Қанша ыстық болғанымен күйдірмейді, дәмі де тұзды емес.
мынау душ бөлмелерінің ішіндегі джакузийлері.


Мынау біз барған жердің қасындағы басқа бассейн.

Бұл жердің суы салқындау, бассейні үлкен болған соң шығар.

Қыстан әбден тоңған болсаңыздар, аяқ-қолдарыңыз қақсап жүрсе, негізі басқада көптеген аурулар мазалап жүрсе немесе жәй қыдырып барғыларыңыз келсе барып демалып қайтыңыздар. Ең бастысы күзде, ерте көктемде бара аласыздар.

Ыстық су демалыс орындары.: 6 комментариев

  1. О, суреттен сондай әдемі көрінеді екен ғой! Бұл жерлердің бәрі де таныс. Себебі, мен сол жақтаң қызымын ғой))) Тамаша, сюжет жасапсыз, Айконаж@н!

Оставьте комментарий