Абсолютно все…


Я в тебе нашел абсолютно всё.
Все, что надо мне и чуть-чуть еще.
Вот моя спина, вот моё плечо.
Это все твоё, абсолютно всё.

Адамға көп нәрсе керек емес. Рас айтам, бақытты болу үшін байлықтың да, асып-тасқан махаббатың да…

Өзін әлі бала сезінетін қыздан не ақыл күтуге болады? 30 ға келгенін мойындағысы келмейді, бірақ, өмір бәрін күнделікті дәлелдейді. Бұрынғыдай ақымақтық жасағысы келеді, бірақ бір нәрсе ұстап тұрады. Себебі, мойындағысы келмеген жасы бәрібір іштей қылаң беріп тұрады. Бәрібір сана сезімінде «сенің жасың 30 да» деп біреу айқайлап тұрады. Мүмкін, тұрмыста болып, бір -екі сәбиі қасында жүгіріп жүрсе бұл ойлар оның басына келмес пе еді?.. Оған уақыты да болмас еді… Қазір не, бар уақыты жұмысы мен елден қалмай жанталасып оқыған материалдары мен көрген кино-сериалдарына кетіп жатыр. Одан қалса ата-анасын тасиды, қалған уақыты жәй осылай өтіп жатыр. Өзін-өзі алдау жолында бәрін ұмытқан, бұрынғыдай сезімдері оянып кетсе жанталастың басталатынын сезіп, осы бір күйінен шыққысы келмейді.

Қыздардың ең дұрысы 23-25 жасында тұрмысқа шығып кеткені дұрыс екеніне көзі жетті. 30 ға келген қыздың көп нәрседен айырылатынына да.. Ешкім сені 23 жасыңдағыдай кездесуге күнде шақырмайды. Ешкім сенің телефоныңа жасырын номермен хабарласып, сенің даусыңды естігісі келмейді. Әлеуметтік желідегі жазған кез-келген адаммен әңгіме құра алмайсың, себебі оның жасы 23 те… Ешкім саған көлігінен көзін қыспайды, себебі оның алдында жас қыз отырмағанын ол да түсінеді…

Әлеуметтік желіден бұрынғы достарыңа көзің түседі. Бәрінің отбасы бар, баласы бар. Олар бақытты болмаса да олар жалғыз емес. Ең құрмаса ұрсысатын, арасында еркелейтін біреулері бар. Саған сөз салған жігіттер сенің өз орныңа түскеніңді күтпеген…

30 жастағы жігіттердің амбициясы өскенін сен де байқасың, себебі оларда сен сияқты ешкімнің сөзіне иілгісі келмегеннен жүргенін түсінесің. Ал иіле салғанға баяғы «өзімшілдігің» тағы жібермейді…

«30 дан асып барамын» дейтін кезең алыс емес…

Абсолютно все…: Один комментарий

  1. Мұңды. Бірақ білесіз бе, кейде «жаман аттан жайдағың, жаман байдан бойдағың артық болады». Амбиция туралы келісем.
    Уордпреске қайта келуіңізбен! Қуаныштымын.

Оставьте комментарий