Ешкім оқымаса…

Ешкім менің постарымды оқымаса деген ой келеді, себебі олар менің ішкі жан-дүниемді түсінбейді ғой… Тығылып жазғым келеді, мені танитын адамдардың бетіне қарауға ұялатын сияқтымын кейбір жазбаларыма… Біреу үшін олар «тым арзан» жазба…

Читать далее Ешкім оқымаса…

Ойлар…

Бейкүнә арман. Түнгі сағат 11 де Әл-Фараби көшесімен келе жатырмын… Дала сондай керемет. Бір кездері осы көшемен жүрген кезде Алматының нағыз қала жағы осы ғой деп ойлайтынмын. Осы көшеге күнде келіп, осы жақта жұмыс жасасам деп армандайтынмын. Кеше түнде сол көшемен келе жатып, арманым есіме түсті. Сөйтсем мен ол арманыма жетіппін. Осы көшенің бойымен жұмысқа келіп- кетіп жүргеніме 2 жыл болыпты, ал мен оны байқамағам…

Читать далее Ойлар…

Ұнайды маған…

Негізі әр адам өз жүрегінде әлі бала ғой. Жалғыз қалғанда немесе достарыңның, туыстарыңның арасында өзіңізді еркін ұстайтын кездерде әлі де бала екеніңді байқауға болады. Мысалы, мен өзімді көбіне көлікте жалғыз келе жатқанда еркін сезінем. Себебі, басқа адамдарға алаңдамайсың. Өзің қалаған нәрсені істейсің.Жәй маған ұнайтын немесе мені күнделікті бақытты сезінуіме көмектесетін аздаған нәрселер жайлыайтқым келді. 

Читать далее Ұнайды маған…

Абсолютно все…

Я в тебе нашел абсолютно всё.
Все, что надо мне и чуть-чуть еще.
Вот моя спина, вот моё плечо.
Это все твоё, абсолютно всё.

Адамға көп нәрсе керек емес. Рас айтам, бақытты болу үшін байлықтың да, асып-тасқан махаббатың да…

Читать далее Абсолютно все…

Ішкі арпалыс…

Кейде адамдар, бәріне қол жетіп міне осы бақыт дегенде, бір нәрсе ішіңде жетіспей тұратындай. Аласұрып іздейсің, не екенін де дөп басып айта алмайсың. Сол сәттерде ішіңдегі жетіспейтін нәрсені ақшамен, керемет бренд киімдермен, алтындармен тіпті дисктармен әйтеуір маңызы аз заттармен толтырғың келеді… Әйтеуір сол бос кеңістікті ешкім де өзің де көрмеу… Бірақ бәрібір… Кейде семьяда баланың үні де сол сезімді толтырады деп ойлайсың, бірақ күнделікті күйбең тірлікте ішкі өзіңді, ішкі әлеміңді сақтап қалу маңызды ма?

Сырт бейнеге бүтінмін, ішімде арпалысқан, қинаған сан ойлармен таласулар. Бәрі сыртқа шықса не болар еді? Сабыр деген жалғыз зат бәрін құлыптап қойғандай. Кейде сабырдың соншалықты көп болатындығы сонша кейде бір қапқа жәй ауаны болсада салып жан-жағынан қысып қысым түсіре берсең әйтеір бір тесік тауып ауа шығады ғой. Міне, кейде тіпті жәй отырып, ешқандай себеп болмасада ішіңде «мен» деген бір нәрсе сыймай қысылып, жылылық, мейірім тіпті жәй ғана түсінушілік іздейсің… Жәй ғана адаммен отырып оған қарап оның сендей адам екенін түсінуде жеткілікті… Бірақ, ол сәттер жиі кездесе бермейді… Шыға алмай қиналады… Көзіңнен үнсіз жастар сырғиды. Ойың үнсіз жылатады… Үнсіздік… Сол сәтте саған әлем құрып бара жатқандай….

Сырты алба-жұлба екі бөлмелі 5 баланың анасы, күйеуі әлсіз бір әйелді білем. Қайратына таң қалам, қуанып жүргені. Иа, ода байлықта, керемет киімді жоқ… Бірақ баласы бар, жәй қиналған сәтінде сүйеу болатын жары бар… Иа дұрысы осы сияқты ма… Бірақ оныі «ішкі мені» не дейді? Оған қандай қорек керек? Иа үнсіз кір жуа бастайды, баласы етегіннен тартады жылайды дәл осы сәтте бір ғана музыка, ән жан дүниесін сақтайды… Ән, әсем әуен ішкі жан дүниесін емдеп жатыр… Кейде бақытты болу үшін де бір ән жеткілікті… Сенің ішкі сезімдеріңнің сезім қылдарын дөп басып жатыр… Иа, бұл оның ішкі әлемі, тұнық өзі ғана танитын, өзі ғана дертін білетін ішкі «мені»….

Ал мен терезеге үнсіз қарадым, ойымды айтқым келді… Бірақ… Не деген арпалыс, не деген өкініш, не деген үміт….

Өз өмірін қию…

Бүгін бір кітап оқып отырып мынандай сөзге тап болдым.

Эвтаназия- (не эйтаназия) (греч. ευ- «жақсы, жеңіл» + θάνατος «өлім») — қатты, жазылмайтын аурумен ауыратын адам өмірін қысқарту немесе тоқтату адамның азабын азайту немесе адамдарға қиналмай өлуге медициналық жолмен өлуге мүмкіндік беру. Негізінен шешімді ауырып жатқан адамның өзі қабылдауы тиіс.

Бұл әдістің тарихы 16 ғасырдан бастау алған. 2- дүние жүзілік соғыс басталғанша еуропа елдерінде кеңінен таралған екен. Бірақ, нацистердің жындыларды, ракпен ауыратындарды, олардың ұрпақтарын жаппай қырып-жоюуынан кейін бұл әдіс жабылған. Атақты кісілердің ішінде Зи́гмунд Фрейд рак ауруына шалдыққан соң өзін осы жолмен өлтірген.

Қазіргі күнде Бельгия мен АҚШ тың кейбір штаттарында рұқсат етілген екен. Ал Ресейде бұл әдіс қылмыспен тең боп саналып, заң жүзінде жазаланып, басқа амалы жоқ болып осыған барғаны дәлелденсе кешірілім жасалынады екен. Көптеген елдерде бұл қылмыстық іс болып саналып, жасауға тиым салынған екен.

Ал бізде бұл туралы мүлдем заңда қарастырылмаған.

Ислам дінінде де христиан дінінде бұл адам өмірін қию болып саналады. Бұның жазасы ауыр. Сондықтанда адам өлтірумен тең деп саналады екен.

Сіз қалай ойлайсыз бізге керек па, жоқ па?

Мен ол жаста….

Сенбі күні бір ауылға жолым түсіп, қонаққа бардым. Бәрі керемет, адамдар сондай ашық. Қызық маған бір тәте сондай ұнады. Ашық, әңгімесі де жақсы. Әңіме арасында үш баласының барын, үлкенінің 6 сыныпта оқитынын білдім. Жасы нешеде екен деген ой келді, сұрадым. Жасым 25 те! аааааа, — мммммм аузыма сөз түспей қалды. 25 те баласы 12 деее????? Сонда 13 жасында үйленген ба???

— иа, 7- сыныпты бітірген соң үйленгем, балам қазір 6- сыныпта оқиды, жолдасым үлкен.

Ары қарай сұрақ қоя алмадым. Менімен қатарлас, сонда заң қайда қарап отыр, мектеп жасындағы балаларға үйлену, екі қабат болып қалу қатаң жазаланады емес пе? анасы қалай рұқсат берді екен…

Өзімнің 7- сыныптағы кезім есіме түсті.

Мен ол жаста…

Күйеуге тию тұрмақ, жігіттің не екенін білмеппін.

Махаббат, менің бар білетінім біреу хат жазса соған өшпенділікпен қарау еді. Бірақ ішіңнен оған ұрлана қарап қойып, мәзсің ғой. Хат жазады ғой енді, аласың қыздар болып оқисың еее әдемі бала болса қыздардың алдында қуанып қоясың жаман бала болса жылап аласың. Әйбәт бала дегенің сонда жақсы оқитын, таза жүретін, әйтеуір мама-папасы хотя бы мұғалім болып ітсейтін бала. Жаман бала сол сабағы нашар, боқтап сөйлейтін бала еді. Содан хатты әйбәттап ұсақтап жыртасың, типа батыл болып ана баланың алақанына салып бересің. Бітті. Типа өзіңшесің :))). Бірақ іштей мәсің себебі ол хатта: » мектептегі ең әдемі өзіңсің, сені өзгелерден артық көрем»,- деген сөз бар. Ырзасың. Бірақ хат келгенде, қандай баладан екенін біліп алу, керек подружкаңа ұнайтын бала болса бітті. Ол кәдімгідей саған ренжіп қалады.

Мен әлі бала едім, папамның мойнына асылып ойнап, еркелеп балалығымның бақытты кезін кешіп жүр едім.

Енді міне, сен балалықты өткеріп жүргенде сенің құрбың ана болып жатқанын білесің…

Энергия

Ол кісімен жеке сөйлесіп, ойларыммен бөліскен ұнайды. Білмеймін ішімде бір беймаза күйге тыныштық беретіндей, тыныщтық емес сенімділік орнататындай. Күрес, жанталас, ізден, талпын, өз орныңды біл дейді. Кейде тіпті ешқандай сөз айтпасада ол кісінің энергиясымен зарядталып алуға болады.

Таң қаламын. Үш жұмыс істеп оған қоса магистратура, екі қызы күйеуі бәріне үлгереді. Тіпті таңғы 5 тен тұрып күні бойға жететін сұйық тамағын жасап кетеді. Бәріне үлгереді.

Бірақ, біз бірге тұрсақ тез сөзге кеп қаламыз. Сондықтан анда-санда барғанда ол кісінің энергиясымен зарядталып қайтам. Әсіресе таңғы екеіміздің әңгімелеуіміз. Ұнайды. Характерімізде ұқсайды сарт-сарт ете қаламыз. Қызық. Бұрын түсінбейтінмін, не үшін сонша тыраштанады? Тыным таппайды деуші едім, енді түсіндім. Егер ол кісі энергиясын жұмысына жұмсап келмей, үйде отырғанда не болады екен деп ойлаймын. Жоооқ, жарылып кетер.

не болсада бітпейтін энергиясы сарқылмаса екен. Меніңде сондай болғым келетінін түсіндім… Энергиясы көп адамдарды ұнатам…