Сені іздедім…


Сені іздедім...

Алдында «Айырылысу әдеті»  деген кино туралы жазып ем ғой. Соны бүгін қайта қарап шықтым, өзімді Эваның орнынан көрген сияқты әсерде болдым….

Бір кездері ылғи «бір кісілер» туралы жазушы ем… Олардың әр қайсысын өзімше жақсы көрген сияқтымын, өзінше сүйіп оларға ынтық болғам. Бірақ, бір күні жәй ғана бәрі бітіп қалатын… және бәрін өзім аяқтайтынмын… Сонда не үшін соның бәрі, қазір қарап отырсам солардың бірімен отбасын құрмағаныма қуанатын сияқтымын… Әлде мен тым әсершілмін… немесе оларға иық арта алмаған сияқтымын… немесе мен қалаған адамдар емес…

Кейде «махаббат деген не өзі?» деген сұрақты қоям, міне «мынау менің махаббатым», «бітті менің жүрегім осы адамда» деп өмір сүріп жүріп бір күні ешқандай сезімнің жоқ екенінен шошимын, егер солай алаулаған оттың арқасында отбасын құрған күні бәрі бітіп қалса қайтем сонда? Мүмкін мен әлі де ешкімді шынайы сүйіп көрмегенім бе? Санат ше? үш жыл ол туралы жаздым бірақ ол да бір күні аяқ асты ұмытылып кетті. Ол кісі туралы да үш жылдай ойлаған шығармын, бірақ оған да қазір достық көз-қараспен қарайтыныма көзім жетті. Жәй ғана солай өртеп кеткен сезімдер аяқ асты ізі болмағандай жоғалып кетуінің себебі не? Мүмкін мен оларға сене алмаған шығармын… Мен жәй ғана менен мықты, мен иық сүйейтін адал кісінің болғанын ғана қалаған сияқты едім…

 

Сені іздедім…: Один комментарий

Оставьте комментарий