Туылған күн жайлы…

Туылған күн туралы ой.

Біздің үйдегі кішкентайлардың туылған күн туралы ойлары:

Читать далее Туылған күн жайлы…

Менің анам…

Кейде қыздармен сөйлесіп отырғанда қыздар айтады : біреу бір тақырып бастаса бәрі сол тақырыпта жазып кетеді деп. 🙂 Мүмкін ойды ой түртетін шығар немесе сол сәтте сенде сол ойыңмен бөліскің келіп кететін шығар иә? Балзаминка мен Қалдықыздың аналары туралы жазғандарын оқып өзімнің де анам туралы жазғым келетінін байқадым. Негізі 7-сі нен бері жазғым келген туылған күнінде, бірақ уақыт тапшы болды.
Анама бала күнімде онша жақын емес едім. Себебі апам (әжем мен атам) тәрбиелеген ғой. Содан 5 ке толған соң әкем екі балада сіздердікі болып кетті деп өздеріне алыпты. Бастапқыда қатты жабайы болған екем, екеуінеде бағынбай «апалап» жылай береді екем. Кейін үйреніп кеттім ғой, қаз апам айтады ғой енді «өз әке-шешесін тауып қапты» деп. 🙂
Негізі анаммен жақын тартып, сыр бөлісуіміз 10 сынып оқып жүргенімде басталған шығар. Оған шейін не болсада әкеме айтатынмын. Бірақ жігіттер жағын әкеңе көбірек айта алмайды екенсің да, мамаға көштім. Негізі мамам өте тұйық, мінезі ауыр кісі. Көп жақсы көргенін айтып, еркелете бермейтін. Бірақ 1- курсқа оқуға кеткен кезде мамамның жылағанын көргем. Қатты толқыдым. Оған шейін мамам ешқандай сезімге берілмейтін шығар деп ойлайтынмын.
Кейін әбден үлкейген кезде мамама еркелеуді шығардым ғой. 🙂
Негізі әкем мамам болмаса көп ешкімнің тамағын іше бермейді, мамам келгенше күтіп жүреді аш. Төркініне де өзі бірге барып, тез үйге қайтайықшы деп отырады.
Қызық мамам өз үйінде ең үлкені ғой төркініне барса «қатал бастық» болып келіндеріне ақыл айтып кетеді, ал біз жақта мамам папамның інілерінің мамасының ақылшы достары. Көбіне айтамыз ғой папам бастық ойбай папамннан сұранайық деп бірақ қашанда соңғы нүктені мамам қояды ғой.:) Негізі біздің семьяда бастық папалар бірақ көбіне мамалар бастық көрініп кетеді. ))))
Негізі анамнан үйренетін нәрсе көп, бірақ әкеме тартқан мінезіммен басыма іс түспей ештеме үйрене алмайм…
Қанша ашуланса да ана мейірімі әрқашанда жүзінде тұрады екен. Кейде телефонмен сөйлесіп тұрып кішкене жөтеліп қалсаңда ана дәріні іш, жылы жүр деп кететін сөздерін естисің ғой жиі, кейде ойлайм «мама менде үлкейдім ғой» деп бірақ бәрібір мен ол кісі үшін әлі сол баяғы 25 нде босанған сәбиімін.
Ана жүзіңнен күлкі кетпесінші, әрқашанда жанымда аман-есен әкем екеуің жүре беріңдерші.
Ата-анамыз барда бізде бақыттымыз. кейде болмашы нәрсеге өкпелеп, жылап жатып ойланам «мен неге жылайм? ата-анам аман, қасымда жүр ғой бұлай боркемік болмайын» деп. Солай әрқашан күш қуат жинап алам.
Аллаға мың рақмет сіздерді маған сыйлағанына!