Өлеңге деген арманым болшы…

Кейде өзімді табу үшін, ғашық болуға құмарттым…

Жүрегімнің орнында, өзімнің бар екенімді сезіну үшін ғашық болып жүруім керек екен. Сонда, сезімдерді, көңіл-күйді бәрін толықтай жеткізу қиын соқпайды екен.

Читать далее Өлеңге деген арманым болшы…

Көтерген шаңырақтарың биік болсын!


Мен үшін жақсы дос бола білген, ренжісем де (түсінбегендіктерімді кешірген) мені әрқашан қолдай білгем достарымды құттықтағым келеді. Есбол маған дос қана емес ағам сияқты да боп кетті.
Менің досымды сіздердің біраздарыңыз білетін шығарсыздар. 🙂 Негізі жұбайында білесіздер. Олар казах ру сайтынының белгілі майталмандары десем де болады. Еске мен Айнур АЛБ ны танитындар біраз шығар арамызда.
20- күні тойлары болып өткен достарыма тілекті тойға барып айта алмадым. Әкем жол алшақтығына байланысты жібермеді. Дегенмен өкпелемейді деген үміттемін.

Есбол+ Айнур, сендерді заңды некелеріңмен құттықтаймын! Көтерген шаңырақтарың биік болсын! Әрқашанда сол шаңырақтарыңның іші қуанышқа, бақытқа, жақсылыққа, сәбиге толы болсын! Тек қана бақытты болыңдаршы! Мен екеуіңнің бақытты болатындарыңа сенем, себебі екеуің де бір-біріңді сүйесіңдер. Армандаған арман әрқашанда ол — бақыт. Сондықтан да сол бақыт екеуіңнің қолдарыңа қонды, енді оны одан ары аялап ұстайды деген сенімдемін. Махаббаттарың одан ары қатты ыстық, сенімдерің одан ары берік бола берсін! Көңілдеріңе кірбің түспей әрқашан осындай мықты, қайратты, қуанышқа толы жүздеріңде көріп жүре берейін!
Есбол саған досытығың үшін көп рақмет! Әрқашан бақытты бол! Мені ұмытып кетпеңдер. Баяғыда армандаушы едік қой үшеуміз бірге тұрамыз деп 🙂 Айтпақшы енді маған жезде болдың ғо сен. Жақын арада барып, жезделеп ойнайм ғой. Әрқашан біздерді бақытты күндерде жүздестіргей аллам!!!

Сағыну…

Ертең үлкен папамның (әкемнің ағасы) туылған күні… Папам өмірден өткелі 13 жыл болыпты. Сол кезде 13, 10 жасар кызы да бой жетті, 5 жасар баласы студент атанды. Бірақ, барлық біздің үйдегі адамдардың бір дүниесі кем сияқты… Апам тұңғышын, әкем жалғыз ағасын, жары, балалары бәрінің кеудесінде жалғыз қалған нәрсе папама деген сағыныш
Аллаға тек жақсы адамдар керек дейді ғой. Мүмкін папамды да сол үшін әкеткен шығар. Ашық жарқын, мейірбан еді. Индиский әндерді жақсы көруші еді және өзі оларды айтқан кезде жанып кетуші еді, және асау аттарды үйреткенді ұнатушы еді. Қай уақытта болса күліп жүретін еді. Ауырған кезде де шашын жанына қайырып қойып: кеттік, не істейміз жұмыстарың бар ма дейтін. Көпшіл еді бүкіл құда- жекжат кім болсын бәрінің балаларын бәрін танитын. Атам папамды әрқашан да тіреуім деп отырушы еді. Тұңғышы қаза болған кезде сол қайғыға шыдамай өзі де артынан кетіп қалды. Папам қайтыс болған кезде қасына жер қойғызып қойып еді. Міне енді екеуі бір жерде жатыр. Кейде әкем айтады : ағам ана жақта да әкемнің тіреуі боп жүрген шығар иә деп…
Әкем ағасы әкесі бар кезде бейне бір бала сияқты еді. Ол кісілер қайтқан кезде өзін жалғыз қалғандай сезініп еді. Әлі де сол жалғыздықтың орнын ештеме мен толтыра алмай келеді…
Міне, уақыт қандай жүйрік иа. Папа сіз өткеліде 13 жыл болыпты… Ойымыздан әлі де сіздің күліп тұратын кездеріңіз кетпейді. Есікті ашып кіріп келетіндей боп тұрасыз …
Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын асыл папам!…

P.S. Осы жазбамды оқығаннан кейін келген сіңілімнің ойы :иа, коңілімде әкеме деген сағыныштан пен әттеген-айлар көп, жаным….. Сен бақыттысын папан жаныңда, ал менде тек өкініш пен сағыныш көкирегеімде сақталып қалды…..

Соткадағы смстер…


Блогымның статистика бөліміне кірсем смстер іздеп келетін кісілер көп екен. Сондықтанда біраз смстермен бөліссем деп ойладым. Ұйқастарына бола сөкпессіздер.
***
Сыр ашылмай кетеме деп жүректен,
Қорқыныш бар!
Әлі солай неліктен?
Күлім қаққан, сыр ұқтырар көзіңді,
Аман-есен сақтаса екен жаратқан…
Бақыт тілеп тағдырыңның жолныда,
Жазылатын өлең- жырмен жалында.
Буырқаған жастық шақта қызумен,
Шама келсе түзу жолдан жаңылма!
12.11.2008 ж
***
Жан дегенің баурап барады жанымды,
Сүйген ернің тасытты ғой қанымды.
Күтші жүрек өтінемін келемін,
Тек өзіңдеп атқызармын таңымды.
Аяулым менің, сүйдім, хош періштем…
04.08.2009 ж
***
Мынау жалған бес күндік өмірде,
Оты өшкен үмітке,
Жараланған жүрекке,
Жабырқаған жаныма,
жұбаныш болар өзіңсің.
Алла өзіңді қорғасын!
11.04.2010 ж
***
Саған сыйлаған сезімдерімді қайтаршы? Саған оларды бергім келмейді екен…
***
Маған сүюді, сүйікті болуды үйретші. Түсін мені…
***
Жүрсек дағы қол ұстасып шаттықпен,
Деме жаным, мен өзгелік, жаттық мен.
Сүйем сені, осы асыл пәктікпен,
Сүйем жаным қалғанымша ақтық дем.
03.08.2009ж