Соғым сою немесе қуырдақ…


3 күн демалысымды пайдаланып ауылға барғам. Негізі соғым сою туралы жазайын дегем постты. Бірақ соғым союдың бас жағын суретке түсіре алмай қалдым. Екі соғым соямыз деген соң екіншісінде түсірем ғой деп қуырдақ дайындауға көмектесіп кетсем 2- малдары келмей қалып түсіре алмай қалдым.
Қысқаша түсініктеме: соғым- қазақтардың қыс мезгіліне дайындап борланған малды қысқа азық ретінде сойып алатын үлкен мал еті.
Қызық негізі, қазақтарды қасқырдан ары дейді ғой. 🙂 Қазақтар негізі етті көп жейді ғой.
Сонымен соғым сойылған кезде бізде міндетті түрде қуырдақ жасайды, бұл қуырдақ басқа кезде жасайтын қуырдақтан дәмі өзгерек болады. Маған солай көрінеді :).
Себебі бұл қуырдақтың ерекшелігі мұнда етті мясорубкадан өткізеді және бұл қуырдақ көп майлы болмайды.

негізі қуырдаққа жұмсақ еттері мен жүрегін, картошка (соломкағып турап аласыз) мен пияз қосамыз. Етті мясорубкага отетіндей дайындап аламыз.
Бәрін дайындап алған соң қазанға сумай құйып 1- етті салып әбден қуырамыз

Міне, соңында осындай дәмді тамақ болады. 🙂 Осы қуырдақты басқа барлық тамақтардан жоғары қоям. Себебі бұл қуырдақ тек соғым сойылғанда да ғана осылай дәмді болады. 🙂
Келесі суреттерде соғым сойылғаннан кейінгі біраз атқарылатын істер көрсетілген.
ішек-қарын тұздайтын тұз. Бұл тұзға 1 кг сарымсақ қосылады. қазы айналдыруға да осылай дайындайды. Қазір біз жақта көбіне сиыр малының ішегіне де ет, май қосып тұздап қазы сияқты етіп шұжық жасайды сүреленген кезде сондай дәмді болады қазыдан бір кем түспейді. Содан соң бүйенге де солай жасауға болады. Төмендегі суреттегідей.
Негізі соғым сойған кезде көп қысқы азықты дайындап алуға болады:
1. қанды шұжық (малдың ішіндегі қаннан) қанға етті мясорубкадан өткізіп алып картошканы кішкене кубиктер мен турап алып ішекке салып байлайды. Піскен кезде дәмі ерекше болады. Бірақ ұзақ сақталмайды.
2. Алдында жазып кеткен сарымсақты шұжықтар. Бұлар енді ұзақ сақтауға арнайы жасалады. Көбіне көктемде ет біткен соң бастайды.
3. Бас және тұяқтарын үйтіп алған соң ұзақ пісіріп сорпасына етті ұсақтап турап аздап сарымсақ+сәбіз қосып холодес жасайды.
4. Бауырданда неше түрлі котлет және басқада дүниелер жасайды.
Негізі мен көп нәрсені біле бермеймін, аздап білсемде сіздермен бөлісейін дегенім ғой 🙂


Маке ағам айтпақшы малбауыздар, деңгене, қолүздік деген болады. Негізі мал бауыздаған адам мен ішек-қарын аршысып, қазі айналдырған кісілерге қолүздік ретінде аздаған ет, кейде орамал беріп жатады.
Сонымен сөз соңы: Соғымдарыңыз шүйгін болсын! 🙂

Соғым сою немесе қуырдақ…: 17 комментариев

  1. Айжан білмей әйтеуір соғым сойған кезде мясорубкадан өткізіп жасайды. Ал басқа кезде бізде өткізбейміз. Мүмкін себебі жаңа сойған малдың еті тым жұмсақ турауға онша келмегеннен солай істейтін шығар.
    Біз нарынқолдықпыз ғой бәріне картошка қосатын 🙂
    Иә, суреттер ауылдыкы 🙂 иісін сезіп қойдың ба? 🙂
    Соғымнан жемеу жағын точно айта алмаймын 🙂 енді біраз уақыт тоқтата тұрам ғой 🙂

  2. Иә фаршты көріп менде таңмын. ал бірақ бізде картоп қосамыз қуырдаққа.
    Жо Айкон қалай сойғанын түсіре алмай қалғаның дұрыс болды:)))). Ато жануарларды қорғау ұйымдарының жауы болар едің. Еще сойып, онымен қоймай нетке іліп:))).
    Конечный продукт қуырдақты жақсы көргеніммен, соғым союға өмірі қатысқан емеспін, күн суықта тағы ауырып қаласың деп мамам үйде отыр деп шығармайтын. Біздің жақта қақаған қыста сояды ғой малды. Нарынқол да бірақ таулы жер бірталай суық қой.
    Қой сойғанда мысалы кішкене кезімнен папамның қасында қыстырылып жүретінмін, кейін нағашы апама көмектесетінмін қарын аршығанда суын құйып беріп, содан да ішек-қарын аршуды да білемін:)). Қой сойғанға, оның етіне нормально қарайм да, бірақ бір қойдың еті енді ол көп те болмайд ғой.
    Ал үлкен мал сойылғанда видимо өмірі қатыспағасын, ондайға етім үйренбеген болар. Қазірдің өзінде мысалы үйге ет көп келсе, оны тоңазытқышқа тыққанша ас үйге кіргім келмид.

  3. Ана суреттерді түсіре алмағанымда сол күн суық сен шықпай-ақ қой деген соң түсіре алмай қалдым ғой.))) Ішек-қарынды аршуды білсең сен пысық қыз екенсің ғой 🙂 мен ауылдың қызы болсамда білмеймін тек су құйып бергенім болмаса.

  4. Саты менің нағашыларым да, олар фарштан өткізбейді, вроде Нарынқол екеуінің аркасы жап-жақын сияқты ғой:):):) Осынша жасқа келіп қой сойып үйрене алмай-ақ қойдым((( Бауыздай алмаймын, қолым бармайды.

  5. Қуырдағыңның иісі мұрнымды жарып, сілекейім шұбырып отыр. Таңертең бір кесе шай мен май жаққан нан жеуге әзер үлгіріп едім.

  6. qisyq негізі көп адамдар мал бауыздауға қорқады ғой. 🙂
    Акпатша қош келдіңіз! Уайымдамаңыз, түсте жақсы ас ішіп аласыз 🙂

  7. айтпақшы, біздің жақта (Торғай облысы, Амангелді ауданы) соғым сойып жатқан кезде өкпе, бауырды үйге апарып турамас бұрын, біраз уақыт аязға қояды. Сонда аздап қатып, оңай туралады. Кейбіреулер соғым соярдың алдында арнайы қайшы сатып алады. Былжырап жып-жылы болып\ жатқан өкпе-бауыр, талақты қайшымен қидалау ыңғайлы

Оставьте комментарий